Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
4
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Бизнестің жол картасы аясында биыл 25 мың жаңа жұмыс орнын ашу көзделген

2010 жылдан бастап Қазақстанда операторы «Даму» қоры болып табылатын «Бизнестің жол картасы-2020» кәсіпкерлікті қолдау мемлекеттік бағдарламасы жұмыс істейді. Оның негізгі құралдары кредит бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау, кепілдікті мүлік жетіспеген кезде кредитті кепілдендіру және екінші деңгейлі банктер арқылы бизнесті жеңілдікті кепілдендіру.

«БЖК-2020 бағдарламасы қолға алынған кезден бастап алты жыл ішінде қатысушылар 1,6 млрд АҚШ доллары – 534 млрд теңге сомасына салық төлеген, 17,4 млрд АҚШ доллары – 5,8 трлн теңге сомасына өнімнің жиынтық көлемін қамтамасыз еткен, 300 мыңнан астам жұмыс орнын сақтап, ашқан», – деді Қаныш Төлеушин.

Оның айтуынша, төленген салық көлемі төленген субсидия көлемінен төрт есе асады, бұл мемлекеттік бюджетке қаражат қайтарымының жоғары коэффициентін растайды.

«2016 жылы бағдарлама қорытындылары бойынша 155 млрд теңгеге жуық сомаға салық түсімі, кемінде 25 мың жұмыс орнын ашып, сақтау болжануда», – деп толықтырды Қаныш Төлеушин.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз