Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
10
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Бизнестегі жемқорлық: заңға енгізілген жаңа түзетулер не дейді?

232

Мұндай қызметтер Қазақстанның кейбір ірі компанияларында жұмыс істейді. Олардың бүгінгі тәжірибесі

квазимемлекеттік сектордың барлық компаниясындағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңға түзетулер енгізуге көмектеседі

Сарапшылар мұндай тәжірибені бүкіл жеке секторға тарату жолындағы маңызды қадам деп санайды.

Жемқорлық пен мемлекеттің ақшасы

Естеріңізге сала кетейік: «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заң 2015 жылдан бері бар, бірақ әлі күнге дейін «сыбайлас жемқорлық» ұғымы тек мемлекеттік қызметкерлер ғана байланысты болып келді.

2020 жылғы маусымда мәжіліс кәсіпкерлік саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары туралы бапқа түзетулер енгізуді ұсынды.

Түзетудің бастамашыларының бірі — сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің парасаттылық департаментінің басшысы Данияр Сабырбаев.

— Сенат пен мәжілісте түзетулердің бірінші оқылымы өтті. Екінші оқуды күтеміз. Олар жақында күшіне енеді деп ойлаймын.

— Түзетулерде тек квазимемлекеттік сектор туралы айтылады. Неліктен жобаға ірі және орта бизнес субъектілері, өндіруші компаниялар қосылмады? Олар да мемлекеттік тапсырыстармен жұмыс істейді.

— Иә, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңда субъектілердің тізімін кеңейту жоспарлануда:

  • квазимемлекеттік сектор
  • монополистер,
  • банк секторы,
  • мемлекеттік ақшамен өзара әрекеттесетін жеке сектор.

Егер үлгерсек, осы субъектілерді заң жобасына енгіземіз. Кейбір процедуралардан өту керек.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық субъектілерін кеңейту — бұл пысықтауды талап ететін елеулі қадам

Қазір бұл тұжырымдаманы ведомствоаралық жұмыс тобы әзірледі, біз  алдын-ала оның келісімін алдық және тізімді толықтыруға ниет бар.

Жалпы әлемдік тәжірибе

— Заң қаншалықты тез арада күшіне енуі мүмкін?

— Бұл қандай оқылымға және қандай түзетулер енгізілетініне, депутаттардан қандай ұсыныс түсетініне байланысты. Әрбір түзетуді қосымша пысықтау қажет. Бұл қазақстандық ноу-хау емес, бұл жалпы әлемдік тәжірибе. Процесс ЭЫДҰ ұсынымдары мен халықаралық практика шеңберінде өтеді.

Комплаенс жемқорлық жанжалдарына қарсы жауап

«Самұрық-Энерго» АҚ «Комплаенс» қызметінің басшысы Дәурен Ақшаловтың айтуынша, комплаенс қаржы секторында бұрыннан бар.

— Әлемдегі сыбайлас жемқорлық жанжалдары оның құрылуына себеп болды. Атап айтқанда, АҚШ-та. Нәтижесінде екі заң қабылданды:

  • «Шетелде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» (FCPA) — АҚШ
  • «Парақорлықпен күрес туралы» (UKBA) — Ұлыбритания

Олар экстерриториялық, яғни кез келген елдің аумағында жұмыс істейді. Оның ішінде Қазақстанға де енгізуге болады

Екеуі де бухгалтерлік және қаржылық құжаттаманы бақылау ережелерін реттейді. Сондай-ақ мемлекеттік шенеуніктермен өзара қарым-қатынас ережелерін де қарастырады.

АҚШ немесе Ұлыбританиямен байланысы бар кез келген компания FCPA және UKBA субъектілері  бола алады

Яғни, тіркеуден, листингтен өткен және ортақ банктік шоты бар бірлескен жобасы бар еншілес компаниялар.

Мысалы, Қазақстанда «Қазатомөнеркәсіп» және Kaz Minerals сияқты ірі компаниялар Лондон қор биржасында листингтен өтеді. Бұл дегеніміз, олар UKBA-ға түседі. Мұндай компаниялардың қызметкерлері «foreign official»  ұғымына жатады. Тиісінше, UKBA талаптарын орындау керек:

  • сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға байланысты комплаенс саясатты әзірлеу және сақтау,
  • мүдделердің лоббиленуіне,
  • қайырымдылық,
  • контрагенттердің сенімділігін тексеру.

Комплаенс-бағдарламаның тағы бір маңызды сәті — үшінші тұлғалардың: компанияның серіктестері мен контрагенттерінің сенімділігін тексеру. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін және іскерлік беделін жоғалту тәуекелдерін болдырмау үшін сенімділікке тексеру жүргізілуі керек:

  • серіктестің санкциялық тізімдерде болуы,
  • бюджетке берешек,
  • сот талқылаулары,
  • БАҚ-тағы сыни мақалалар
Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз