Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
13
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Бізге де керек! Чехияда “Ресей пропагандасымен” күресетін қызмет құрылды

Жаңа құрылымда 20 адам жұмыс істейді. Олар дезинформацияға әлеуметтік желілерді пайдалана отырып реакция білдіреді және шенеуніктерді онымен күресуге үйретеді. “Біз әрбір смартфонға кіруге тырысамыз” деген Хованец.

Мәскеу әзірге чех министрінің мәлімдемесіне комментарий берген жоқ.

Қыркүйекте Чехияның ақпараттық қауіпсіздік қызметі (BIS) жыл сайын жариялайтын есебінде Ресей Чехияға қарсы “ақпараттық соғыс” жүргізіп отыр деп мәлімдеген. Чехия қарсы барлау қызметінің мәліметінше, Мәскеу Еуропа Одағы, Украина мен НАТО-ны қаралайтын ақпараттар таратумен және пропагандамен айналысатын агенттер мен топтар желісін құрған. Чехия билігі бұл желі елдегі жағдайды шайқалту үшін пайдаланылуы мүмкін дейді.

2011 жылы жүргізілген санақ бойынша, Чехияда шамамен орыс тілді 30 мың азамат тұрады. Елде орыс тілінде ақпарат тарататын ондаған сайт бар.

406698a1-0127-450c-bbd8-e251b2adffb3_w987_r1_s

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз