Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
6
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

“Біздің қызға ұқсайды”. Назерке Әріптің денесі қайдан табылғаны белгілі болды

122

18 жастағы Назерке Әріптің анасының айтуынша, оған 4 қыркүйек күні полиция хабарласып, өз қызының сипаттамасына ұқсайтын адам денесін тапқандарын хабарлайды.

“Құрбан айт кезінде зиратқа барған бір әжей үйге қайтар жолда жатқан қыздың өлі денесін көреді. Бұл түн уақытында болған. Бізге полиция оның сипаттамасы бойынша біздің қызымызға келетінін айтты. Біз мәйітханаға бардық. Иә, сәйкестік бар. Әрине, 100 пайыз емес, бірақ киімі ұқсайды. Аяқ киімі болған жоқ. Полиция денеде зорлық белгілері табылмады деп мәлімдеді. Сараптаманың қорытындысын күтеміз”, – дейді Сәуле Әріп.

Сараптама нәтижесі 12 қыркүйек күні дайын болмақ. Туыстары қызды жер қойнына тапсырып үлгерді.

Еске салсақ, 18 жастағы Назерке Әріп 10 шілде күні жоғалып кеткен болатын. Ол Алматы облысы, Талғар ауданы, Тұздыбастау ауылындағы үйінен шығып кеткен соң қайта оралмаған.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз