Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
10
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

«Біздікі – ұрлық идеологиясы». Отанды сүюді Қытайдан үйрену керек пе?

133

Бұл жөнінде кезінде белгілі жазушы, ғалым Тұрсын Жұртбай былай деген:

– «Темірқазық – ұлттық идея. Онсыз алға қадам басқан ұлыс, империя, мемлекет болған емес.

Осы Қытай дүниесі неге өзінше бір әлем, қалған дүние бір әлем», деген еуропалықтардың сұрағының астары — Қытайдың ұлттық идеясының тұрақтылығында.

https://kaz.365info.kz/bygin-kimdi-tiridej-zhesek-eken-268991

Осыдан екі жарым мың жыл бұрын үш патшалықты біріктіріп, орта жазық мемлекетіне ұйыстырған Ши Хуанди патшаның «Аспан астындағы дүниенің кіндігі – Қытай», «Әр қытай ұлы патшалықтың өкілі», «Бір қытайдың мүддесі – барша Қытай мүддесі», «Бір қытай табаны басқан жерде аспан елінің үлесі бар», «Жердің асты-үсті, аспанда өзгенің үлесі жоқ, тек Қытайдың ғана мүддесі бар», «Дипломатияның басты мақсаты – тіл емізіп, демімен ішке тартып, жібек құрты сияқты кеміріп, ірге кеңейту», «аяғын басқан жерден тартпау», «шекарадағы тың игеру әскерін күшейту», «Иероглиф – Қытайдың тұтастығының кепілі», «Өзгенің барын алып, бажысын қосып қайтару» деген ұстанымдар әртүрлі патша әулеттері, қоғамдық құрылымдар ауысқанымен де өзгерген жоқ.

Тек уақыт ағымына, билік құрылымына, мемлекеттік идеологиялық саясатқа орай іріктеліп, қосылып, нақтыланып отырды. Тіпті, «Жер жүзінің пролетарлары, бірігіңдер» деген ұран да сол ұлы Қытайдың ұлттық мүддесіне жұмыс істеді.

Соның нәтижесінде, дүниенің төрт бұрышына шашырап кеткен «хуачияулардың» – эмигрант қытайлардың «Қайда жүрсем де Жунго жүрегімдесің» атты әнұраны өмірге келді. Бұл әнді Қытайдан сырт жерде жүрген гомиданның да, гунсандаңның да мүшелері, яғни, капиталистер де, коммунистер де көзіне жас алып тыңдайды.

Олар тапқан тиындарын Қытайдың болашағына салғандары үшін өздерін бақытты санайды.

Қытайдың бүгінгі қарқынында олардың демеуі бар. Міне,

тамырынан суарылып, жұлын-жүйкесін меңдеген ұлттық идея деп, осыны айтады.

Бағдар алатын темірқазық – осы.

Абайдың «Біріңді қазақ, бірің дос, көрмесең істің бәрі бос» деген түпкі аңсары да осында.

Ал, біздің қай капиталисіміз, шонжарымыз, байшыкешіміз сырттың құтын ішке құйып, елін құтайтып отыр? Керісінше, сыртқа тасып, елді жұтатып жатыр».

Иә, ғалым, жазушы осылай дейді.

Демек, Отанды сүюді Қытайдан үйренген дұрыс сияқты.

https://kaz.365info.kz/zhemkhorlar-zhigan-tergenin-elge-khajtaryp-berse-goj-shymkenttik-zhurnalist-265536
Талғат Бақтығали

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз