Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
15
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Бізді бір мақсат біріктіреді

Кездесу барысында партия бағдарламасының алдағы жоспарлары талқыланып, халықтың көкейінде жүрген өзекті сауалдарға ұтымды жауап берілді.

– «Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!» атты ұранмен үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп жатқан Nur Otan партиясы маңызды кезеңде өте белсенді жұмыс атқарып келеді. Партияның сайлауалды бағдарламасы биылғы науқанға орай әрбір өңірге жеке әзірленді. Бағдарлама жасақталмас бұрын осыған дейін ұйымдастырылған праймеризде халықтан түскен өтініштер ескерілді, оған қоса жергілікті әкімдікпен жиындар ұйымдастырылып, өңірде дамытуды қажет ететін салалар бойынша жұмыстар қамтылды. Бір сөзбен айтқанда, бағдарлама сарапталып, талқыланып, даму, өрлеу қағидасын ұстанады. Барлық саладағы жетістіктерімізді әр қазақстандықпен көргіміз келеді,- деді Қадыр Қалымбекұлы өз сөзінде.

Жиын соңында қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, тиісті жауаптар берілді. Сұрақтардың басым бөлігі әлеуметтік қамтамасыз ету, жұмыспен қамту салаларын қамтыды. – Барлық мәселелер ортақ істің нәтижесінде шешіліп, жоспарлар бірлесе жүзеге асырылады, – деді кандидат сөз соңында.

Nur Otan партиясының Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданы сайлау қорының қаражатынан төленді

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз