Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
6
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

“Бізді ақымақ көресің бе?”. Лукашенконың Путинге жыны ұстап отыр

Бұл туралы бүгін Беларусь Республикасының президенті Александр Лукашенко мәлім етті, деп хабарлайды РИА Новости.

Алдында Мәскеу мен Минск арасында „қара мысық„ жүгіріп өткені белгілі болған. Тіпті, Мәскеу бірінші болып арадағы дау-дамайдың шетін шығарып жіберіп еді.

„Лукашенко Еуразиялық одақтан шыққалы жатыр, Мәскеу оған тосқауыл болмақ ойы жоқ„ деп кеше ресейлік басылымдар мақала жариялады.

Ол мақала ішінде одақтан кетсең, екінші Украинаның күйін кешесің деген мағынадағы меңзеу сөздер де айтылды.

Қалай дегенмен де „Даудың басы Дайрабайдың көк сиыры„ демекші, бұл арада екі елдің тоң-теріс еткен нендей жағдай екені бүгін ақыры жария болды.

Беларусь батькасы  ортақ экономикалық одақ құрған Мәскеу Минскіні жынды қылуда,  бүйтіп мазақ еткен одағы құрысын деп қол сілтеп отырған секілді…

“Осы уақытқа дейін арадағы сауда-саттық шарттары мен бағалардың бірдей болмауынан Беларусь 15 миллиард АҚШ долларын жоғалтты. Олар осынша пайда тапқандарын мойындап отыр. Енді, міне, олар бізге 5 миллиард несие беріп жатыр. Бізден баға арқылы 15 миллиард пайда көріп, сосын бізге өзіміздің ақшамызды, оның өзінде үштен бір бөлігін Халықаралық валюта қорынан жоғары пайызбен қайтарғанды жақсы көріп отыр, сұмдық қой, айтарым жоқ”, — деді Лукашенко Минскіде өткен үлкен баспасөз мәслихатында.

Беларусь президенті Россельхознадзор басшысы Сергей Данкверттің үстінен қылмыстық іс қозғау керек деді. Өйткені Данкверт беларусь өнімдерінің Ресей нарығына шығуына қасақана кедергі келтіріп отырған көрінеді.

Бұдан бөлек Лукашенко Ресейді шекарааралық аймақтарды қалыпқа келтірудегі халықаралық келісімшартты бұзды деп айыптады.

Сәрсенбі күні Ресейдің құқықтық ақпараттық ресми порталында Ресейдің федеральдық қауіпсіздік бюросының үш қаулысы жарық көрді. Онда Беларусь Республикасы шекарасы маңындағы Псков, Смоленск және Брянск обылыстарында шекаралық аймақ құрылады делінген. Бұл қаулы 7-ақпаннан бастап өз күшіне енбек.

“Халықаралық келісім мен келісімшарттар бар. Міне соның барлығына бір министр, тіпті “фсбэшник” болсын, бір қол қою арқылы соның бәрін жоққа шығарып отыр. Тіпті қаулының нөмірін де айтып бере аламын: № 801, 802, 803. Бір министр. Бұл дұрыс па, өзі?..”, — деді Лукашенко Минскідегі баспасөз мәслихатында.

Қалай дегенмен де айтарын айтып, осындай қатты-қатты сөздерден соң Лукашенко Мәскеу мен Минскінің барлық даулы мәселелерді шешіп, өзара келісімге келе алатынына сенім білдірді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз