Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
-14
USD
525
+1.39
EUR
546
-3.47
RUB
5.09
+0.02

Лукашенко ЕАЭО мен ҰҚШҰ-дан шыққалы жүр – ресейлік ақпарат агенттігі

Дегенмен, біз іздестіре отырып, Лукашенконың тура осы мағынадағы ресми мәлімдемесін еш жерден кезіктіре алмадық. Мүмкін, бұл әлі жария болып үлгермеген, Беларусь Республикасының сыртқы саясатында әлі жабық жағдайда талқыланып жатқан мәселе шығар. Бір білеріміз,

2016 жылдың желтоқсанында Санкт-Петербургте өткен ЕАЭО және ҰҚШҰ саммиттеріне Лукашенко келмей қойған.

Қалай дегенмен де, егер бұл ақпарат шын болса, онда Лукашенконың басын бәйгеге тігіп отырғаны, айтпаса да түсінікті. Мәскеу бұған тосқауыл болмайды, дегенмен, осы мақалада бұл жайтқа қатысты Ресейдің позициясы анық көрсетіледі. Мәскеу ешкімді аяйын деп отырған жоқ. Мақала мәтінін сөзбе-сөз келтіре кетелік:

“Агентттікке бұл мәліметті жеткізген дереккөздің айтуынша,

 бір экономикалық одақтағы Ресей мен Беларусь арасынан „қара мысық„ осылай жүгіріп өткенде, Кремль басқа одақтастарының, соның ішінде, Қазақстанның, ойы бұзылып жүрмес үшін, бір қыр көрсетуді ұмытпапты.

Иә, кеше Ресей мемлекеттік думасының депутаты, ЛДПР партиясының мүшесі Павел Шперов Қазақстан шекарасын қайта қарап, байырғы орыстың жерін кері қайтаруды талап ететін мәлімдеме жасады.

Алайда, іле-шала, ресми органдар Шперовтың бұл сөзін түбегейлі жоққа шығарып, ақталды.

Ресей мемлекеттік думасының халықаралық істер комитетінің басшысы Леонид Слуцкий Мемлекеттік Думада Қазақстан мен Ресей шекарасын қайта қарау туралы мәселе көтерілгенін растамады, – деп хабарлайды РИА Новости.

“Кейінгі кездері, әсіресе, украиналық БАҚ Мемдума депутаты, ТМД істері комитетінің мүшесі Павел Шперовтың 26-қаңтарда думада айтылған сөздерін кең талқылап жатыр. Оның үстіне, БАҚ өкілдері оның сөздерін бұрмалап,

Қазақстаннан жер талап етті деп жатыр. Нақты айтайын, РФ мен Қазақстан арасындағы шекараны қайта қарау туралы ешкім сөз қозғаған емес.

Бұл сөзді контексттен үзіп алып, журналистер өздерінше бұрмалап жіберген”, – дейді Слуцкий журналистерге.

Ол Қазақстан мен Ресей бауырлас елдер екенін атап өтті.

“Біздің елдердің арасында ешқандай шиеленіс тумауы керек. Оның үстіне, осындай қауесет үшін”, – деп атап өтті шенеунік.

Слуцкий депутат Шперовтің ЕАЭО шеңберінде Қазақстан мен Ресей арасындағы шекараны қайта қарау немесе басқа да аймақтық талаптар туралы айтпағанына назар аударды.

“Мемлекеттік думада мұндай идея айтылған емес. Парламенттік фракцияларда да, халықаралық және ТМД елдері істері бойынша комитеттерде де мұндай ұсыныс болған емес. Бұған еш негіз жоқ”, – деп аяқтады ол сөзін.

Дегенмен мұндай қауесет Ресей тарапынан үнемі жасалып тұратынын жақсы білеміз. Бұл – Кремльдің белгілі бір жағдайларға ресми емес болса да  өзінің қас-қабағын байқатуда қолданатын үйреншікті саяси тәсілі.

Ал бұл жолғысы Беларусь саясатындағы дүрбелеңмен байланысты екені белгілі болып қалды. Иә, жел тұрмаса – шөптің басы қимылдамайды, деген осы!..

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз