Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
14
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Біз шынымен “төртінші билікпіз” бе?

Анығында, биліктің өзі бізді «төртінші билік» ретінде мойындай ма, болмаса билікке «төртінші биліктің» қандай түрі керек? Айтқанына көніп, айдауына жүретін бе, әлде қорықпай кемшілігін бетіне басатын ба?

Осы уақытқа дейін Қазақстанда «төртінші биліктің» қандай түрі қалыптасты?

Жоқ, бұл дұрыс емес. Анығында, қазіргі жүйе «төртінші биліктің» қандай түрін қалыптастырды, тәрбиеледі, түзеді-күзеді?

Қазіргі жүйе өзін «төртінші билік» санайтын журналистермен қаншалықты санасады? Санасқан кезін көрдік пе, осы? Жоқ, есімізде жоқ.

Біздің шенеуніктердің журналистерге сұхбат бермей қашуының өзі, қарап тұрсаңыз олардан қорыққандықтан емес, сұхбат, пікір беруді қажет деп санайтын түсініктің, жауапкершіліктің жоқтығынан. Олар «ресми мәлімдеменің» өзі жеткілікті деп санайды. Осы себепті де олар халықтан соншалықты алыс…

«Төртінші билікпен» санасу олармен сөйлесуден, сұхбат беруден басталады, негізінде. Батыста солай, мысалы.

Ал, жоғарыдағы сауалдарға жауап беруді, құрметті оқырман, өз құзіретіңізге қалдырайық.

Сіз қалай ойлайсыз, біз, журналистер «төртінші билік» деген атаққа лайықпыз ба?

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз