Мейрамбек Бесбаевтың әзілге жақын екенін достары жақсы біледі. Әнші өз достарының ортасында жиі қалжыңдап, жүрген жерін той-думанға айналдырып жібереді. Алайда әлеуметтік желіде аса белсенді болмағандықтан, көпшілік өнер иесінің мұндай қырынан бейхабар.
Бұл туралы Stan.kz хабарлады.
Желі қолданушылары жұлдызды жұптың қалжың-видеосын жоғары бағалап, желіде сан түрлі пікірлерін білдіріп жатыр. Өкінішке қарай, челленджді дұрыс түсінбей, жағымсыз пікір қалдырғандар да баршылық. Олардың пікірінше, әйгілі Мейрамбек Бесбаевқа мұндай қылық жараспайды.
“Қай жері ерсі? Шетелдің танымал жұлдызы осылай жасаса, қуана лайк басып, мақтап өтесіңдер”, – деп жақтады оқырмандардың бірі.