Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Биыл қазақстандықтарға қажылыққа 3 мың квота бөлінді

Кейбір елдерде мұсылмандар қажылыққа бару үшін кезекке тұрады. Өйткені, бөлінген квота саны шектеулі. Тіпті, кезегі келмей, дүние салатын адамдар да бар. Ал, елімізде мұсылмандар емін-еркін кезексіз қажылық парызын өтеп келуде. Бұл Алла Тағаланың халқымызға берген нығметі, – деді Серікбай қажы Ораз.

Сондай-ақ бұл жиында Қазақстанға биыл қажылыққа 3 мың квота бөлініп отырғаны белгілі болды.

Айта кетсек, қажылыққа баруға ниет білдірген азаматтар діни басқарманың қажылық бөліміне немесе діни басқарма жариялаған конкурстан өткен қажылық компанияларына хабарласуына болады.

Олар: «Хидаят нұр», «Яссауи», «Атлас туризм», «Хикмет тревель», «Дельта тревель», «Қызмет саяхат», «Әл-маруа», «Санабль», «Аңсар круиз», «Нұр-Қазақстан».

Сонымен бірге, осы компаниялар құрамында жұмыс жасайтын «Сембекова и К», «Кәусар саяхат», «Имантревель», «Робинзон», «Ордабасы», «Мина тур», «ТВВ тур» компанияларында қасиетті қажылыққа барудың мол мүмкіндіктері қарастырылған.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз