Нұр-Сұлтан
Қазір
-14
Ертең
-6
USD
516
+0.32
EUR
536
-0.13
RUB
5.18
0.00

Биыл Арқалықта Кейкі батырдың құрметіне той өтеді

Қостанайдың төрінде Шақшақ Жәнібектің еңселі ескерткіші бой көтереді. Аймақтық экономикалық-әлеуметтік дамуы жайлы есеп берген Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов, осылай деп сүйіншілеп отыр.

Қостанай облысына өткен жылы жалпы құны 179 млрд теңге инвестиция құйылған. Аймақта ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 102,2 пайызға артқан. Облыс кірісі алдындағы жылмен салыстырғанда 115 пайызға ұлғайыпты. Тамақ өнеркәсібінде де 21 пайыз өсім бар. Облыс экономикасының негізгі тірегі тау-кен саласы да алға басқан. Өңірде мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы көңіл көншітерлік. Автоөндірістің жетіктігі де айтарлықтай. Жүк көліктерін құрастыру 44, комбаин құрастыру 39 пайыз өскен. Келешекте «Жак» көлігін экспорттауға баса назар аударылмақ. Екі сағатқа созылған барысында өңір басшысына өткір сұрақтардан бөлек өзекті ұсыныстар да айтылды.

Алмас Әбсадық, Қостанай қаласының тұрғыны:

– Мен бүгін Астанадан іссапардан келдім. Сол сапарды 13 сағат жүрсем, соның 6 сағаты Қышмұрын мен Қостанайдың арасын аралаумен өтті. Сондықтан менің ұсынысым неге біздің облыстық әлеуметтік жағдайын көтеру үшін Шоққарағай мен Қышмұрын арасында жаңа теміржол салмасқа?! Салыну керек деп есептеймін.

Архимед Мұхамбетов, Қостанай облысының әкімі:

– Бұл мәселе енді өз құзырымызда жоқ, шындығын айту керек. Бірақ ұсыныстарыңыз дұрыс. Экономикалық жағынан есептеп, қарап шығу керек. Қостанай облысында жыл басынан бері түрлі деңгейдегі әкімдермен 612 кездесу өткен. Солардың ішіндегі маңызды деген сауалдар аймақ басшысына бетпе-бет бағытталып, қолма-қол жауабы берілді. Биыл Қостанайда патриоттық шараларға да баса мән беріліп отыр.

Атап айтқанда, Кейкі батырға жаңа кесене салынады. Батырдың тойы аясында Арқалық қаласы абаттанбақ.

Архимед Мұхамбетов, Қостанай облысының әкімі:

– Арқалық қаласында жолдарға қаржы бөлініп, бұзылмаған үйлер бұзылып, қоқыстың бәрі шығарылады. Ақшаның бәрі бөлінді. Шағын және орта бизнес субъектілердің барлығын қалпына келтіреміз. Бұрынғы Амантоғай ауданында бұзылған үйлер көп, соны тазартып, қоқыстарын шығарамыз. Соның ішінде Әулиекөл мен Жалдама арасындағы жол күрделі жөндеуден өтеді.

Рухты көтеруге бағытталған шаралар легі мұнымен толастамайды. Қостанайда биыл әйгілі мәмлігер, ірі тарихи тұлға Шақшақ Жәнібек батырға арнап, сәулетті ескерткіш орнатылмақ.

Сондай-ақ облыс орталығында Татарстан Республикасымен бірлесе, халықаралық сабан той өтеді. Сабантой аясында іскерлік форум ұйымдастырып, көптеген жобаға қол қойылады деп жоспарланып отыр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз