«Сәтті қадам» жобасы аясында 3600-ден астам жетім бала жұмысқа орналастыралады. Жоба еліміздің барлық аймағын қамтиды.
Бұл туралы «Нұр Отан» партиясы Орталық аппараты ғимаратында өткен брифингте «Жас Отан» ЖҚ төрағасы Шахмардан Байманов мəлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz.
Айта кетейік, «Сəтті қадам» жобасына құжаттар 20 шілде мен 15 тамыз аралығында қабылданады. Жобаға қатысу үшін үміткер өз түйіндемесін, жеке анықтамасын, диплом және оның көшірмесін – satti_kadam@zhasotan.kz электронды поштасына жіберуі тиіс.