Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
8
USD
444
+1.32
EUR
475
+0.35
RUB
4.83
+0.09

Біржыныстылықты насихаттау ашық жүріп жатыр – тосқауыл неге қойылмайды?

233

Соңғы жылдары еліміздің бас қалалары Астана мен Алматыда феминисттік ұйымдар шеру мен минитингтерді өткізіп жүр.

Әкімшіліктен рұқсатты әйел құқығы, бала құқығы, отбасындағы зорлық-зомбылық тақырыбымен алып, бірақ іс жүзінде түрлі түсті жалауды жамылып, жас жеткіншектерді жинап, астыртын лгбт ұйымын насихаттайды. Осы тақырып жөнінде сөз қозғалып, зиялы қауым өкілдерімен пресс-конференция өтті.
“Феминисттік ұйымдардың жылда 8 наурызда өткізетін митингтерінің көздегені не?” деген өзекті мәселе көтерілді.

Жиынға блогерлер мен журналистер қатысты. Марат Тоқашбаев, Әмір Мәуленов, Айдос Оразай,т.б зиялы қауым өкілдері қатысып, сөз сөйледі.

Марат Тоқашбаев, журналист, Жазушылар одағының мүшесі:

— Осы мәселемен мен 7-8 жылдан бері айналысып келе жатырмын. Әлеуметтік желіде талай мақала жазып, посттар шығарып жүрдік. Мұның бәрі жас ұрпаққа әсер етпей қоймайды. Дүниежүзінде ғалымдардың зерттеуінше, табиғи ауытқушылығы басым болып, әйелдерде еркектің, еркекте әйелдің гармондары басым дертке ұшыраған адамдардың саны небәрі 4-5% болады екен. Ал қалған жағдайларда іс жүзінде зорлық-зомбылықтың нәтижесі.

Бүкіл дүниежүзіндегі лгбт қауымдастығының ұстанып отырған саясатының ешқандай тарихи мән-маңызы жоқ. Бар мақсаты – адам баласын жою. Ер мен әйелден жаңа ұрпақ, жаңа буын пайда болады. Ал біржыныстылардың әрекетінде тән рахатынан басқа ештеңе жоқ. Дінімізге де қарсы нәрсе.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз