Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
3
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының экс-басшысы сотта өз кінәсін мойындады

Алдын ала сот тыңдалымы кезінде қорғаушылар Ерденаевты қамаудан босатып, үй қамағына жіберу туралы өтініш білдірді.

Еске сала кетейік, Алмалы аудандық соты 2017 жылдың 9-қаңтарында «БЖЗҚ» АҚ экс-төрағасы Руслан Ерденаевқа, «БЖЗҚ» АҚ тәуекелдерді басқару департаментінің басшысы Мұса Бахытовқа, «Алатау Мұнай Алтын» АҚ бақылау кеңесінің төрағасы Бақытжан Кенжебаевқа, «Бузгул Аргум» ЖШС директоры А.Найзағаринге қатысты бұлтартпау шарасын тағайындаған болатын.

Сотқа дейінгі тергеу орындары Руслан Ерденаев пен өзге де тұлғаларға меншікке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабының 4-тармағы бойынша ауыр қылмыс жасады деп айып тағып отыр.

Айта кетейік, жыл басында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы қаласындағы департаменті БЖЗҚ-ның құны 5 млрд теңге болатын келісімшартын тексерген болатын. Ұлттық банктің қатысуымен «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ-ның әрекетін тексеру өткен жылдың 21 желтоқсанынан басталған.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз