Нұр-Сұлтан
Қазір
0
Ертең
0
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының басшысы мен орынбасарлары ұсталды

Алдында Ұлттық банк өкілі Александр Терентьев күдіктілердің жаңа жылға дейін ұсталғанын мәлімдеген еді.

Жалпы, Ерденаевтың екі орынбасары бар: Сәуле Дүйсенова және Дабыр Медетбеков. Әзірге, осы екеуінің қайсы ұсталғаны белгісіз болып отыр.

Ерденаев Руслан Серікұлы 1977 жылы туылған. Ол Мәскеудегі Плеханов атындағы Ресей экономикалық академиясында оқып, экономист мамандығын алған.

Естеріңізге салсақ, Жаңа жылдың алдында ғана «Бузгул-Аурум» компаниясының құнды қағаздарын сатып аламыз деп, бастары бәлеге қалған. 5 миллиард теңгені мақсатсыз жұмсады деп айыпталғандардың ісімен Ұлттық қауіпсіздік комитеті айналысып жатыр. Алайда, Ұлттық банк өкілдері жұмсалған ақша жұрттың зейнетақысы емес, қордың өз ақшасы деп сендіруге тырысуда.

Негізі, жаппай тексеруге де осы бас банктің шағымы түрткі болған екен.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз