Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
8
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Біртанов: «Менингит? Науқастың мекенжайына қарамай көмек көрсетілуі керек»

Министр дертке шалдыққандарға алғашқы медициникалық көмек көрсетуде кемшіліктің болғанын мойындады.

«Үкіметбасы өңірлердегі науқастарға көмек көрсетілу бойынша нақты тапсырма берген. Бұл бойынша қалалық және аудандық ауруханаларды тексердік. Шынымен де шикіліктер көп екен.

Көп жерде Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен стандарттарға атүсті қараған. Талапқа сәйкес, жағдайы аса ауыр науқасты алысқа тасымалдамай, жақын жердегі медициналық мекемеге жеткізуге тиіс жедел жәрдем.

Жағдайы оңалғанша, науқасқа қажетті ем-домды сол арадан алуы қажет. Бұл тек менингитке қатысты емес екенін ескертемін, өзге де дерттерге қатысты тіркелген фактілер бар.

Қайталап айтайын: шұғыл медициналық көмек тұрғылықты мекен-жайға қарамастан көрсетілуі қажет. Мекен-жайды былай қойып, азаматыққа қарамауы тиіс”, – деді Елжан Біртанов.

Алматы мен облыстағы бірқатар аурухананы аралап шыққан Біртанов бұлардың көпшілігінде инфекциялық бөлімнің жоқ екеніне көз жеткізіпті. Салдарынан науқастар амалсыз Қаскелеңдегі инфекциялық ауруханаға жеткізіліп отырған.

“Бұл мәселені шештік. Талғар ауруханасында инфекциялық бөлім ашылды. Есікте ол бұрыннан бар екен. Жаңа ғана Қаскелеңде болып қайттық. Бұл жерде инфекциялық аурухана бар. Бірақ, аздық етеді. Осы себепті соның жанында орналасқан орталық ауруханада да инфекциялық бөлім ашылсын деген бұйрық бердім. Алматы облысының шешімімен, барлық аудандық ауруханаларда койкалар қойылды”, – деді Біртанов.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз