Бүгінгі таңда COVID-19 коронавирусын жұқтыру жағдайы әлемнің 40 астам елдерінде тіркелді.
деді Біртанов. Бұл туралы tengrinews.kz хабарлады. —
— Ауа-тамшы жолымен таралатын бұл инфекция сіздің төлқұжатыңызға немесе кірісіңізге байланысты емес (…)
40-тан астам елді инфекция жаулады, оның қарқыны күннен-күнге артуда. Біз инфекцияның Қазақстанға да келуі мүмкін екенін жоққа шығармаймыз және дайындық жұмыстарын жүргізіп жатырмыз.
Бұл жағдайда Үкімет тарапынан қабылданған шараларды азаматтардың түсінуі маңызды. Себебі халық ақпаратты дұрыс түсінбей, наразылық туған жағдайларға куә болдық. Бақытымызға орай, жапа шеккендер болған жоқ, ондай жағдайлар қайталанбауы керек».
Соңғы мәліметтер бойынша, COVID-19-ды түрлі елдерде 82 мыңнан астам адам жұқтырған. 32 мыңнан астам науқас сауығып, 2801 адам қайтыс болды.