Қазақстанда қазақша сөйлейтін бір қарапайым жүргізуші жолда өзін тоқтатқан кәдімгі полицеймен қорықпай сөйлесті.
Жүргізуші полицейге «Себепсіз тоқтатпа, ұят болады!» дегенде, полицей «жарайды» деп, айтқанына көне салыпты.
Полицейдің бұл қылығын көпшілік түсінбей отыр. Әлде, камераны көріп, жүні жығылып қалды ма, әлде Қазақстанда полицейлердің көп жағдайда артық кетіп, халыққа тырнағын қатты батыратынын ойлап, жаны ашып кетті ме, әйтеуір жүргізушіні ешбір құжатын тексерместен жібере салды.