Нұр-Сұлтан
Қазір
7
Ертең
9
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Бірқатар елдің президенттері Қазақстанды Тәуелсіздік күнімен құттықтады

223

Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин Қазақстанның экономикалық, әлеуметтік жəне ғылыми-техникалық салалардағы жетістіктерін жəне əлемдік аренадағы беделі мен БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде, Астана процесінде өзекті халықаралық мәселелерді шешуге қосқан өлшеусіз үлесін атап өтті.

Владимир Путин достықтың ізгі дəстүрлеріне, тату көпшілікке жəне өзара құрметке негізделген қазақстандық-ресейлік қарым-қатынастардың табысты дамуын жоғары бағалады жəне Ресей мен Қазақстан арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастықтың əрі қарай нығая түсетініне сенім білдірді.

Өз кезегінде Беларусь Республикасының президенті Александр Лукашенко Тəуелсіздік жылдары Қазақстанның мемлекеттілік орнатуда, əлемдік аренадағы беделін нығайтуда, экономикалық дамуда, әлеуметтік жəне конфессияаралық келісіммен қамтамасыз етуде елеулі табыстарға қол жеткізгенін айтты.

«Бүгінде Қазақстан экономиканы реформалау, саяси жəне қоғамдық өмірді жаңғырту бойынша ауқымды мәселелерді шешіп келеді. Бейбітшілікке күш салу арқылы қауіпсіздікті қолдауға айтарлықтай үлес қосуда», – делінген құттықтау хатында.

Сондай-ақ, Қырғыз Республикасының президенті Сооронбай Жээнбеков Нұрсұлтан Назарбаев пен қазақстандықтарды бүгінгі мерекемен құттықтады.

«Қырғыз Республикасы халқының атынан Сізді жəне барлық қазақстандықтарды Қазақстан Республикасының Тəуелсіздік күнімен құттықтаймын. Екі ел арасындағы одақтастық пен стратегиялық серіктестіктің əлі де нығая түсіп, қос мемлекет халықтарының мүддесі үшін дамитынына сенімдімін. Сізге зор денсаулық, бақ-береке жəне мемлекеттік қызметте табыстар жəне бауырлас Қазақстан халқына бейбітшілік пен даму тілеймін», – деп атап өтті Қырғызстан президенті.

Əзербайжан Республикасының президенті Ильхам Əлиев өз құттықтауында «бауырлас қазақстандықтардың əлемдік қауымдастықтың белсенді жəне беделді мүшесіне айналғанын» ерекше атап өтті.

«Тарихы бір, ұлттық-рухани құндылықтары бір халықтарымыздың қалауымен əзербайжан-қазақстандық мемлекетаралық қарым-қатынастардың одан әрі дами түсетініне сенемін», – деді Ильхам Әлиев.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз