Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
3
USD
450
-0.49
EUR
487
-1.57
RUB
4.86
0.00

“Бірінші медресеге ұсынамыз”. Қазақстан мұсылмандарының ортақ киім үлгісі болады

Ресми Ақорда саясат, экономикадан қолы босап, елдің идеологиясына мықтап кіріскен сынды. Енді президент, айта-айта әбден жауыр болған қауға сақал мен қара жамылғы дауына соңғы нүкте қоюға пәрмен берді. Тіпті болмай жатса, заңмен тыюды қарастырыңдар деп қатаң айтты. Назарбаевтан күні кеше тапсырма алған дінге жауапты министрлік іске кірісіп те кетті.

ҚР Дін істері комитеті төрағасының міндетін атқарушы Бақытжан Құлекеев:

– Сапсиған сақал, қысқа балақ арқылы мұсылманның сипаты насихатталғанда – бұл қоғамды үрейлендіреді. Мұсылмандық туралы қалыптасқан құндылықтар жойылады. Бұл жерде сөзсіз ұлттық қауіпсіздікке нұсан келеді. Сондықтан бұл үрдісті тоқтатар нақты шаралар қабылдануы керек.

Шараның бірі мұсылманның сырт келбеті.

Енді қап-қара боп алабөтен болған қыздардың киімі ашық түсті орамал, көйлекпен алмастырылмақ. Ең бірінші медресе шәкірттеріне тігілетін мұсылмандық киім үлгілерін қоғам құптаса, көпшілікке ұсынылады.

Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының өкілі Ағабек Қонарбайұлы:

– Дәл қазіргі уақытта медреседе оқып жатқан қыздарымызға, шәкірттерімізге ашық түсті, көк түсті киім үлгілерін дайындап жатырмыз. Ол киім үлгілері шариғатқа да сай, дәстүрімізге де сай, жалпы қоғам алдында оғаш көрінбейтін киім үлгісін дайындап жатырмыз”, – дейді

Мұсылман киімін бүтіндеуден бөлек, молдалар алдында тұрған одан зор міндет бар. Жамағатты ұйыта алмайтын, сөзі өтімсіз имамдарды мемлекет басшысы сынады. Бұдан былай шариғаттан аса алмайтын, сыңаржақ дүмше молда дін ісінен шеттетілуі мүмкін.

 

Дінтанушы Досай Кенжетай:

– Тыйым деген мәселе сыртқы көріністегі мәселелерді сен зорлықпен алып тастауың мүмкін. Зорлықпен сақалын қырып алып тастауың мүмкін. Бірақ ішкі жан дүниесі, рухы, ділі, сенім мәселесіне біз ешқашан тыйым сала алмаймыз. Олардың бәрі шаблондар, құндылықтар. Сырттан келіп жатқан біз үшін құнсыз құндылықтар”, – дейді .

Дінтанушы құнсыз құндылықтан арылмақ керек дейді. Ал қай құндылықтың бізге бөтен екенін президент өзі тарқатып берген болатын.

Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев:

– Соңғы кезде өрімдей жас жігіттер сақалын сапситып қойып, балақтарын шорт кесіп келеді. Бетін тұмшалап, бүркеп, қап-қара көйлек киген қыздардың қатары көбейді. Әрине әркімнің не киемін десе, өз еркі, бостандығы деген сөз ғой. Ол басқа нәрсе. Мынау әдейілеп тұрып, бізге қарсы шығатын қазақты бөлетін. Құдай деген адамның жүрегінде болуы керек емес пе?

Президенттен пәрмен алған Дін істері министрлігі мүфтиятпен бірігіп дереу іске кірісті. Мешіттер жамағаттың жүрегіндегі Құдай туралы түсінікті түзесе, министрлік мұсылманның сырт-пішінін, керек болса жыл соңына дейін бекітеміз деп бекініп отыр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз