Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

“Бірінші әйелінен 2 ұлы бар”. Айдана Меденова күйеуі туралы шындықты жайып салды

664

«Жаңа ғана тұрмыс құрғанда, өзімнің жеке өмірім туралы айтқым келген жоқ. Қазір енді барлығын айта аламын ашып. Көбісі неше түрлі жалған ақпарат айтқаннан кейін, әрине, айтқым келеді шындықты», – дейді Айдана.

https://kaz.365info.kz/yyat-emes-pa-ajdana-medenova-zhagazhajdagy-suretin-salyp-zhyrtty-ashulandyryp-khojdy-325246

Өнер иесі «ту сыртынан оқ атқандардың» «аузына құм құйсам» деп енді бар ақиқатты айтуға бекінген. Иә, әншінің өмірлік жолдасы Әлішер Нұржанов бұрын үйленген, алғашқы некесінен алтын асықтай қос ұлы бар. Бүгінде ортақ бір әкенің балалары, жиі жүздесіп тұратын көрінеді. Ал, Айдана «бауырлардың қарым-қатынасына кедергі келтіруге хақым жоқ», – дейді.

«Олар мектепте оқығаннан кейін бір ғана демалысы бар. Олар күні бойы мектепте. Сондықтан, бір жұмада бір рет кездесуге тырысамыз», – дейді Меденова.

 

https://kaz.365info.kz/tar-koshe-zhajylgan-kir-khajrat-nyrtastyn-shymkentte-tysirgen-bejnebayany-shykhty-325728

«Шешінген судан тайынбас!» Жеке өмірі жайлы бар сырын ақтаруға бекінген әнші, бұл сұхбатында да талай тың ақпараттың бетін ашты. Айдана, жолдасы Әлішердің бұрынғы жұбайының бүгінгі жай-күйінен жақсы хабардар екен.

«Өзінің отбасы бар. Жақында өзі балалы болады. Танимын енді. Әлішер балаларын тастап кетпейді ғой. Оның ешқашанда ондай ойы болмаған. Мүмкін, сол қасиеті маған ұнаған шығар. Өз балаларына ол қамқор», – деп түсіндірді Айдана.

Дереккөз: Stan.kz

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз