Оқырмандар шоу-бизнес өкілдеріне әншіні ақыл-есіне келтіруді сұрайды.


Әншіге оқырмандардан түрлі сын-пікірлер жазылып жатыр. «Ұялмайсың ба!», «Бара-бара жалаңаш түсетін шығарсың», «Өте ерсі!» – деген пікірлер легі толастар емес.

Бірі тіпті шоу-бизнес өкілдерін әншіні ақыл-есіне келтіруді сұрайды. «Шоу-бизнестегі ағалар, мына қыздың тәрбиесімен айналысыңдар!» – дейді олар.

Дегенмен, әншінің мүсініне қызыққандар мен тамсанғандар да жоқ емес.

Айта кету керек, әнші Дубайда сүйіктісімен демалып жатыр. «Күн сайын ғашық болып келемін» – деп жазды ол өз парақшасына. Осылайша, көпшілікке жүрегінің бос емес екенін көрсеткендей.

Естеріңізге сала кетейік, әнші 6 жыл бойы продюсері Жомарт Сүлейменовпен азаматтық некеде тұрған болатын, былтыр жұп ажырасқандарын мәлімдеді.