Нұр-Сұлтан
Қазір
22
Ертең
18
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

“Бір жыл бұзылып тұрған”. Жолаушылары тірідей өртеніп кеткен автобус жайлы тың дерек шықты

111

Былық автобустың Шымкент қаласынан шықпай тұрып басталғаны белгілі болды. Автобустың техникалық құжаттары дұрыс емес. Екі жыл бойы тексерістен өтпеген.

Ең сорақысы, бір жыл бойы жүргізушінің ауласында бұзылып, қаңырап тұрған автобус халықаралық сапарға шыққан

Көліктің істен шыққан құрылғылары үй жағдайында ауыстырылған. Прокурор айыптау қорытындысында өзбек азаматтары мінген автобусқа соңғы рет 2015 жылдың тамызында тексеріс жасалғанын хабарлады.

“Заң талабына сай жолаушылар тасымалдайтын құрал алты ай сайын тексерістен өтуге тиіс. Автобустың жарамсыздығы белгілі болса да, жүргізушілер Шымкент қаласынан Ресейдің Қазан қаласына жолға шыққан. Автобусқа жолаушыларды артық мінгізген. Халықаралық сапарға шығатындарын біле тұра, Шымкент қаласынан 149 теңгеге 650 литр маусымаралық жанармай сатып алынған. Автобусқа құйылған жанармай тек 15° аязға ғана төзімді”, – дейді прокурор Усман Орынбасарұлы.

Сапарға шығу түгілі жолаушы тасымалдауға лицензиясы жоқ автобуспен халықаралық жолға шыққан жүргізушілер мен автопарк директоры және автобустың техникалық жағдайын қарауға міндеттелген механик сот алдында жауапқа тартылып жатыр.

https://kaz.365info.kz/olar-tiri-akhtobede-avtobus-ortinen-khaza-bolgandardyn-ata-analary-sot-otyrysyna-keldi-video-330125

Автобустың бас жүргізушісі саналған Мақсат Пернебеков қасына жүргізулік құжаттары дұрыс емес, ауылдастарын ертіп алған.

Сот отырысы бүгін де жалғасады. Сот төрағасы алдымен жәбірленушілердің өтініші тыңдалатынын айтты.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз