Рио-де-Жанейрода бір топ кісіні көлік қағып, он бес адам жарақат алды, деп хабарлайды РИА Новости жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап.
Бастапқы мәлімет бойынша, оқиға әлемге әйігілі Копакабана жағалауында болған. Төрт бала зардап шекті, олардың арасында жаңа туған сәбилер бар.
Полиция 41 жастағы жүргізушіні ұстады. Ер адам эпилепсия ұстамасы ұстап, рөлді басқара алмай қалдым деп ақталған.