Нұр-Сұлтан
Қазір
0
Ертең
11
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

“Бір рет айналып өткен…”. Денис Теннің өліміне қатысты жаңа деректер пайда болды

Бастапқыда көлік жуушы болып жұмыс істеген, кейінне ақырындап көлік айналарын ұрлаумен айналыса бастаған. Оларға сол кезде ақша керек болған. Тұрып жатқан жерлеріне төлеу үшін. (…) Құжатсыз, ештеңесіз келіп пәтер жалдап тұрған. Басқа елде осындай болса, қалай болар еді, елестетіп көріңіздерші. Міне, біз қылмыскерлер үшін жағдай жасаймыз,” – деді Қасымов брифинг барысында.

“Олар таңертең шығып, қылмыс жасайтын жерді іздестірді. Осы көліктің маңынан екі рет өткен, көліктің қымбат екенін білген. Айналарын көрген, онда ешқандай да жазбалардың жоқтығын анықтаған. Қазір көбі нөмірлерін жазып қояды ғой.  (…) Содан көліктің маңына барып тоқтаған. Қылмыс жасап жатқан кезде Денис келіп қалған. Денис олардың соңынан қуып, жетіп алған. Күдіктілердің бірін қысып ұстап тұрғанда, екіншісі Дениске келіп пышақ салған. Олардың мақсаты қандай болды? Өлтіргісі келді ме, жоқ па – барлығы сотта анықталады”, – деді ведомство басшысы.

Қасымов Дениске шабуыл жасалған күні Ақтауда болғанын айтып өтті.

“Маған қылмыс жайлы хабарлады. Барлығын бақылауда ұстадық. Түні бойы байланыста болдық. Қылмыскерлерді анықтап, бірінші күдіктіні ұстадық. Картинаның қалай болғанын түсіндік. Екінші күдіктіні ұстау қиынға соқты: ол жасырынып жүрді, тұрақты мекенжайы болған жоқ. Көбірек күш жұмылдыру туралы шешім қабылданды. Ықшамауданды қоршауға алып, ұстадық. Үш түн ұйықтамадық”, – деді ІІМ басшысы.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз