Әлеуметтік желіде елді таң қалдырған 2 тонналық торт кімнің тойында қонақтарға тартылғаны белгілі болды.
Той Шымкент қаласының Rixos Khadisha Shymkent мейрамханасында өткен екен. Тойды Тұрсынбек Қабатов басқарған. Елдің таңданысын туғызған Ресейдегі кондитерлік өнімдердің шебері Ренат Агзамов болып шықты, ал оның құны 21 миллион теңге деп хабарлады Today.kz.
Дегенмен торттың құнына қатысты нақты ақпарат жоқ, желіде ол туралы әртүрлі цифрлар беріліп жатыр. 21 миллион теңге де ел аузынан алынған.
Сөйтсек бұл атақты бизнесмен Қайрат Сатыбалдының қызы Аружан мен шымкенттік олигарх Серікжан Сейітжановтың ұлы Әміржанның үйлену тойы екен.
Қайрат Сатыбалды Алматы өңірінің тумасы. Бірнеше компанияның акционері, атап айтқанда, оның Kaspi Bank АҚ, “Қазақтелеком” АҚ, “Әмір LTD” ЖШС, “Дүние-Агро”, “Корпорация “Дүние”, “Дүние-Күзет” және “Алатау Капитал Инвест” ЖШС үлесі бар.
Ал күйеу баланың атасы Серікжан Сейітжанов Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданы, Шілік ауылынан.
https://kaz.365info.kz/khara-san-tojga-khara-nasildi-khyzdardy-shakhyru-modyga-enipti-297045