Жақында ғана парақшасында жылап жүргенін, өз-өзіне басу айтып отырғанын жазып елді елеңдетіп қойған Айсәуле Бақытбек тағы да біртүрлі жазба жариялады. Бұл жолы ол өміріндегі қиындықтарға байланысты іштей күйініп жүргенін айтыпты.
Бұл туралы ол өз Instagram парақшасында жариялады.
https://kaz.365info.kz/koz-zhasyndy-togudi-dogar-ajsaule-bakhytbekti-toj-aldynda-zhigiti-tastap-ketken-be-326843
„Соңғы кездері өзім, өзімнің өмірі туралы жазбай кеттім, байқаған шығарсыздар. Шындығында қазір қаншама нәрсе боп жатыр менің өмірімде, білмейсіздер ғой оны сіздер… Қазір соның қайсы дұрыс, қайсы бұрыс, ойланып отырмын.
Айқайлап айтқың келген кезде үндемей қалу жөн бе? Қолдау керек кезде жұрт түсінбей қалады-ау деп қорқудың қажеті бар ма? Елдің сөзінен қорқып, өзіңді ұстау дұрыс па? Қазірдің өзінде қаншама жазбам бар жарияланбаған? Жарияласам ба, жарияламасам ба деп әлі жүрмін 100 жыл ойланып. Соның тек бір бөлшегін жарқ еткізсем, парақшамда адамдардың легі тоқтамас еді…„ деп жазды Айсәуле Бақтыбек.
https://kaz.365info.kz/yj-khytty-bolsyn-tursen-yjinen-khuylgan-alagozov-zhana-pater-satyp-alypty-video-326804
Айта кетелік, Айсәуле Бақытбек осы күзде күйеуге тиюі керек болатын. Елге жігітін көрсетіп, анасына оны таныстырып та үлгерген. Алайда бұл жайында соңғы кездері сұлу сөз қозғамай кетті.
https://kaz.365info.kz/seken-seken-etedi-bayanga-zhagam-degen-alagozov-yyatkha-khaldy-video-327397
Тіпті, соңғы бір жазбасында жылап отырғанын жазған. Сол кезде желідегі қауым той алдында жігіті тастап кетті деп топшылап, Айсәулеге басу айтып еді.