Нұр-Сұлтан
Қазір
21
Ертең
24
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

“Билл Гейтс аң-таң”. Қайрат Нұртас Forbes-тің тізімінде не істеп жүр?

146

Танымал тұлғалардан мемлекет қазынасына түскен салық мөлшерін саралаған басылым, биылғы жыл Геннадий Головкин үшін табысты болды деп жазған. Боксшы үш кездесуін де сәтті аяқтап, 8 миллион доллар қанжығалаған. Екінші орында Данияр Елеусінов. Риода жеңіске жеткен спортшыға үкімет 250 мың доллар, ал Астана әкімшілігі 3 бөлмелі пәтер мен автокөлік кілтін сыйлаған. Үшінші орында ресми табысы 7 миллион теңгеге бағаланған рэпер Бахтияр Мамедов тұр. Көпшілікке Jah Khalib есімімен белгілі музыкант биылғы жылы 150-ге жуық концерт беріп, ресейлік iTunes-те ең жиі сатып алынған күйтабақтар қатарынан көрінген.

Сондай-ақ дәулеттілер тізімінде 24 миллион 300 мың теңге табыс көрген әнші Қайрат Нұртас, 550 миллион теңге қанжығалаған режиссер Ақан Сатаев пен шоумен Нұрлан Қоянбаев, әнші Айқын мен продюсер Баян Есентаевалар да бар. Ал Форбстың америкалық нұсқасы ең табысты жұлдыздар үштігіне 4,6 миллиард доллар еншілеген режиссер Джордж Лукасты, 3,7 миллиард доллар тапқан режиссер Стивен Спилбергті және 2,8 миллиард доллар қанжығалаған тележүргізуші Опра Уинфриді қосқан екен.

https://www.youtube.com/watch?v=CzvLW1xxEP8

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз