Нұр-Сұлтан
Қазір
20
Ертең
24
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Білім және ғылым министрі болып академик Асқар Жұмаділдаев тағайындалсын!

575

Асқар Жұмаділдаевті білмейтін қазақ жоқ. Ол тәуелсіз Қазақстан тарихындағы  Лейбниц, Цинбиель, Якобиан, Вронскиан, Новиков алгебраларының ассосимметриялық есептерін шешкен жалғыз қазақ.

Сенесіз бе? Американың математика қоғамы мәліметі бойынша оның ғылыми еңбектерінің сілтеме индексі 100-ден жоғары.

Тәуелсіздік жылдары Асекең шетелдің маңдайалды университеттерінде дәріс оқып, ғылыми жұмыстармен айналысуға бірінші болып шақырту алған. 

1995 жылдан бастап 10 жыл Еуропада қызмет істеді. Гамбург, Мюнхен, Билефелд, Киото, Оксфорд, Стокгольм университеттерінде профессор болды. Ол Америка математика қоғамының, Швед корольдігі Ғылым академиясының, Жапон ғылым мен технология қолдау қорының, ИНТАС және Сорос қорының стипендиялары мен гранттарына ие болған. Солай.

Асқар Жұмаділдаев Тәуелсіздік жылдары екі рет Жоғарғы Кеңес депутаты болып сайланып, еліміздің дамуына қатысты тарихи шешімдер қабылдауға атсалысқаны белгілі. Ол – Қазақстанның тәуелсіздік декларациясын қабылдап, еліміздің Әнұраны, Елтаңбасын қабылдауға атсалысқан депутаттардың бірі.

Асқар Жұмаділдаевтың мектептегі мұғалімі Қали Дүйсемановтың айтуынша,  Асқардың қойған сұрақтарына нақты жауап беру үшін, көп мұғалімдер оның оқитын сыныбына дайындықсыз бармаған. Тіпті, білмейтіндерін бірінен-бірі сұрап отыратын кездер болған. 

Ғалым биыл 60-қа толды. Демек, оның әлі де болса күш-қуаты бойында. “Жұмаділдаев министр болған жағдайда білімнің, ғылымның көсегесі көгеріп, қазақ тілінің ахуалы түзелер еді” дейді көпшілік. 

33043c7abd39dacd142152bfda0

Сағадиев

Сағадиев vs Жұмаділдаев

Жұмаділдаев қазіргі Білім министрі Сағадиевтің әр бастамасына сын көзбен қарайтын және бұл тараптағы пікірін бұқпай ашық айтатын санаулы ғалымның бірі.

“Біз қазақтың тілі бай дейміз. Сол бай тіліміз орта мектепке білім беруге жарамайтын болса, ол тілдің не керегі бар?! Министрліктің өкілдері «қазақ тарихын қазақ тілінде оқытатын болдық» деп жетістік ретінде айтып отыр. Бұл жетістік емес, күлкілі нәрсе. Бүкіл ғылымның барлығы ана тілінде оқытылуы керек” деп әрдайым айтып жүр. 

“Біздің министр қазақ балаларының білімі төмен деп айтады. Бос сөз. Кешегі өткен ҰБТ-да ең жақсы нәтиже көрсеткен қазақ мектебінің балалары. Құдай біледі, «Болашақпен» шетелге оқуға кеткендердің 80 пайызы қазақ мектебін бітірген балалар. Қазақша мектепте оқу методикасы қалыптасты” деген ол тағы бірде.

Қалай болған күнде қазақтілді аудитория Жұмаділдаевтың жағында. Мұны Сағадиев те сезеді. Бірақ, шешім қабылдайтын жоғары жақ. Қазақ жақсы көретін Жұмаділдаевты ұлттың болашағы үшін министрлікке әкелуге әзір ме, әлде…

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз