Нұр-Сұлтан
Қазір
13
Ертең
11
USD
432
+2.31
EUR
506
+3.43
RUB
5.52
+0.10

Білім саласының 386 қызметкері жемқорлық жасағаны үшін сотталған

Ал Гүлшара Әбдіхалықованың айтуынша, соңғы 5 жылда бiлiм саласындағы мемлекеттiк шығыстар 2011 жылғы 1 трлн теңгеден 2015 жылғы 1 трлн 368 млрд теңгеге дейiн өскен.

– Алайда саладағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабылданған iс-шаралар жеткiлiксiз болып тұр. Олар бiлiм жүйесiндегi сыбайлас жемқорлықты төмендете алмауда. Атап айтсақ, 2014-2015 жылдардың және 2016 жылдың 1 тоқсанының қаржысын тексеру нәтижелерi бойынша бюджеттiк заңнаманы және мемлекеттiк сатып алу туралы заңнаманы бұзушылықтарға 1040 лауазымдық тұлға әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тартылған, 386 бiлiм жүйесiнiң қызметкерi жемқорлық қылмыстар жасағаны үшiн сотталған», – деді Мемлекеттiк хатшы.

Гүлшара Әбдiқалықова жиын барысында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл туралы заңның» қабылануына байланысты Президенттiң Жарлығымен комиссияның аты өзгертiлдi дедi. Ендi ол «ҚР Президентiнiң жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл жөнiндегi комиссия» деп аталатын болады. Бұның алдында комиссия «ҚР Президентiнiң жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл мәселелерi жөнiндегi комиссия» деп аталған.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2020 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз