Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
0
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Білім министрлігінің қызметкері Иранға барғаны үшін қызметінен қуылмақ

Ғылым жөніндегі комитет Иран ислам мемлекетімен елордалық Оқушылар сарайында екі нанотехнолгиялық зертхана салу туралы келіссөз жүргізіп жатыр. Сол жерде комитет төрағасының орынбасары келіссөзді биылғы жылы Ислам республикасында жалғастырып, жолай халықаралық форумға қатысуға шақырту алған. Шетел іссапарын Иран тарабы қаржыландырған, бұл жайт Құсайнованың мемлекеттік қызметтің беделін түсіргендігіне қосымша дәлел болды.

Комитет басшысы орынбасарына тағылған айыптың басты себебі оның шетелдегі сапарларын келістірудің бекітілген тәртібін бұзуы болып табылады. Иранға аттану үшін ҚР Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы Әмірхан Рахымжановтың рұқсатын алуы тиіс еді. Ол кісі рұқсат бермегендіктен, Ләззат Құсайынова демалыс алып, Иранға кетіп қалған.

– Ғылым жөніндегі комитет басшысының орынбасары жауапты хатшы номенклатурасына тиісті, С1 категориялы, сондықтан жауапты хатшы ғана шетелге шығуға рұқсат бере алады, ал ол қызметкерді шетелге, оның үстіне Иранға жіберуді қажет деп таппай өтінішті қарастырмаған, — деді Білім және ғылым министрлігінің Этика жөніндегі комиссиясының уәкілі Нұрсейіт Байжанов.

– Иранның қандай мемлекет екенін білесіздер, ол жағын айтпай-ақ қояйын. Ғылым жөндегі комитетте әртүрлі технологияларға қатысты бірнеше қатар қолданыстағы ұйымдар бар, оның ішінде әскери мақсаттағылар да кездеседі. Оның бұл ұйымдарға тікелей қатысы болмаса да, осы ұйымдарда қызмет ететін адамдармен араласуға мүмкіндігі болды. Сол себепті қызметтік міндетіне байланысты кейбір мәселелер жайында хабардар болуы мүмкін еді, — деді ол.

Жұмыстан шығарылған орынбасардың бұған қатысты өз пікір бар. Оның ойынша, ол демалыс кезінде Иранға барып, ешқандай тәртіп бұзбаған, өйткені адам басшылығымен кеңеспей-ақ, қайда барып дем алам десе де, өзі біледі. Сондай-ақ, Құсайынованың пайымдауынша, ведомствода басшылықтың ауысуына байланысты оны тезірек қызметтен кетіру үшін ісін комиссияның қарауына тапсырған.

Ал, қатар қолданыстағы технологиялармен айналысатындарға қатысы жайлы Құсайынова былайша түсіндірді.

„Ирандық форум аясында наноөнімдерді сертификаттау мен стандарттау мәселелері, наноматематика, нанофизика, нанохимия бойынша оқушыларға берілетін тапсырмаларға талапты күшейтіп, балалардың білімін артттыру мәселелері талқыланған. Мұндай форумда мемлекеттік құпияны жариялау мүмкін емес„ – дейді комитет төрағасының орынбасары.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз