Нұр-Сұлтан
Қазір
-6
Ертең
-6
USD
524
+0.41
EUR
550
-0.35
RUB
5.01
+0.08

“Биліктің заказы…”. Жамбыл «қапастағы бұлбұлдың» бірі болғаны ма?

3622

Қашанда идеологияны бірінші орынға қоятын коммунистер көркем сөздің құдіретін, жазушылардың аузы дуалы екенін жақсы білсе керек.

1934 жылы шақырылған Бірінші сьезде жазушыларды біртұтас Одаққа біріктіріп, қаламгер атаулыны социализм ісіне жұмылдырыпты.

Бұл тұстағы ақын-жазушыларды бір сөзбен «қапастағы бұлбұлдар» деп атауға болар еді.

Тотықұс тәрізді үйретінді сөздерді айтуың керек. Өзгеше үн шығарсаң, барар жерің белігілі, мезгілсіз шақырған тауықтай, басың шабылады.

Отызыншы жылдары «халық жауы» атанып, топ-тобымен атылып кеткен таланттар соның дәлелі.

«Рейтинг қуған дарақы елміз…». Бұл кімнің саясаты?

Өткен жылы Жамбылдың 150 жылдық мүшелтойы қарсаңында «Ана тілі» газетінде жарияланған бір дерекке көзім түсіп, жағамды ұстадым.

Сенесіз бе,

1937-1938 жылдары Жамбыл жырлауға тиіс тақырыптар Орталық Комитеттің үгіт бөлімінде бекітілген екен.

Сталиндік алтын заң, колхозды ауыл, Челюскиншілер туралы, Чапаев туралы жырлар, Пушкинге, Шота Руставелиге арналған толғаулар т.б...

Ең ғажабы, сол жоспар түгел дерлік орындалған!

Әр тақырыпта арнайы лекция оқыған әдеби хатшылар тоқсаннан асқан қарттың аузынан әлгі өлеңдерді шым-шымдап сауып алған.

Жамбыл бейне заказбен жыр шығаратын фабрика тәрізді.

Жаңағы қаламы жүйрік хатшыларды Жәкеңді жарылқау үшін емес, одан өлең өндіруге жібергенін көріп, қапастағы қарт жырауға жаным ашыды…

«Бүгінгі шалдар біртүрлі». Арақ ішіп, Аллаға сенбеу Асанәлі көкемізге лайық іс пе?

(Қабдеш Жұмаділов. Таңғажайып дүние. Ғұмырнамалық роман)

«Оны білеміз ғой». Ең рушыл ақын, ең жағымпаз жазушы кім?

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз