Нұр-Сұлтан
Қазір
-23
Ертең
-10
USD
511
-4.57
EUR
540
-4.99
RUB
5.15
-0.02

Билік неге салафизмге тыйым салғысы келмейді?

Жаңа заң жобасына байланысты 19 заң мен 5 кодекске өзгерістер мен түзетулер енгізілмек. Жиында баяндама жасаған ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) төрағасының орынбасары Марат Колкобаевтың айтуынша, жаңа заңда экстремистік баптардың жазасы күшейтіледі. Мәселен, экстремистік қылмысқа қатысы бар адамдардың міндетті түрде жеке мүлкі тәркіленеді. Сондай-ақ Марат Колкобаев қару-жарақ, оқ-дәрі және жарылғыш заттары бар нысандарды күзететін ұйымдарға, аңшылық қаруын сататын дүкендерге ерекше талаптар қойылмақ.

Бірақ малы тұрмақ, өзінің жанын құрбандыққа шалуға дайын адамның қылмыс жасамауына дүние-мүлікті тәркілеу қаншалықты кедергі болады? Оның үстіне, қарау жарақ сататын дүкендерге қойылатын қатаң талап экстремисттік топтардың аяғына тұсау бола ала ма? Бұл жағы белгісіз. Ал ішкі істер министрінің орынбасары Рашид Жақыпов болса заң жобасында Астана мен Алматы қалаларында тіркеу талаптары күшейтілетінін айтып отыр. Яғни, пәтерін уақытша тұруға беретін азаматтар пәтерінде тұратындарды 10 күн ішінде жергілікті органдарға тіркетуі (прописка емес) керек. Сарапшылар бұл талаптың сыбайлас жемқорлықтың одан сайын өрістеуіне жол ашатынын айтады.

Бірақ заң жобасында салафизмге тыйым салу мәселесі қарастырылмаған.

– Заң жобасында салафизмге идеологиялық тұрғыдан қарсы тұру деген ұғым жоқ. Себебі салафилік – идеология. Идеологияға оған қарсы идеологиямен ғана қарсы тұруға болады. Яғни, бұл саладағы еліміздің саясатын, мысалы, ханафилік мазхабты түсіндіруіміз керек, – дейді Мәулен Әшімбаев.

Мәулен Әшімбаевтың идеологияға идеологиямен қарсы тұру керек деген уәжі орынды. Алайда өз идеологиясын кім көрінген жүзеге асырып жатқан елде салафизмге тосқауыл қою мүмкін емес екенін естен шығарып алған сияқты.

photo_61850

Қайрат Жолдыбайұлы

Белгілі дінтанушы Қайрат Жолдыбайұлының айтуынша, адамның санасы экстремизмге дайын болса, ешқандай қарудың қажеті жоқ. Мысалы, Францияда біреудің жүк көлігімен жұртты таптап өте шыққан.

– Әрине, идеологияға идеологиямен қарсы тұрамыз деген дұрыс. Алайда,

Қазақстанда бұрын «Таблиғи жамағат» деген ағым болған, Оған біз заң арқылы тыйым салдық. Ал енді салафизм ағымына келгенде біз басқа стандарттар ойлап кетеміз.

Неге бұлай? Идеологияға қарсы күрес үшін де мемлекеттен қолдау да керек, қаражат та бөлінуі керек, – дейді Қайрат Жолдыбайұлы.

Шынында да, дінтанушы айтқандай, жаңа заң жобасында ескеретін жәйттер жетерлік. Оның ішінде кезек күттірмей шешетін мәселе — салафизмге тыйым салып, оның идеологтарының атын атап ,түсін түстеу болса керек.

Мәселен, соңғы кездері Дарын Мұбаров, Октам сынды азаматтар салафизм ағымын насихаттаушы ретінде аталып жүр.

Құзырлы орган осыларға қатысты тез арада мәлімдеме жасап, оларды жауапкершілікке тартуы керек. Өйткені көптеген жастардың адасып. қолына қару алуына дәл осы идеологтар әсер етіп отыр.

Иә, құзырлы орган мәселенің себебімен күресудің орнына салдарына баса назар аударып отырған тәрізді. Ұзын сөздің қысқасы, салафизмді қолдаушылар өздеріне тыйым жасалмауына қатты жұмыс жасап жатқан сияқты. Егер олардың айтқанын орындап, дегеніне көне берсек, күні ертең Ақтөбе мен Алматыдағы оқиғалармен жылап көрісетін боламыз. Осы ретте

билік салафиттердің Ақордаға басып кіруін күтіп отыр ма деген орынды сұрақ туындайды?

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз