Біздегі орысқұл билік шет елден келген қазақтардан өлердей қорқады.
Азаматтық алуды әдейі қиындатып қойған. Ресейде үш ай ішінде азаматтық алуға болады екен . Біз жақта бір орыс осы күзде жұмыстан қысқарып қалып Ресейге кеткен. Өткенде келді. Азаматтық алыпты. Қалтасынан қызыл паспортын Маяковскийше мақтанышпен шығарып көрсетіп жатыр. “Қалай тез алдың” деп сұрасам. “Мен орыспын ғой. Ресей өз Отаным” ғой деп қояды. Қызғанып кеттім. “Қайдағы Отаның. Сен мигрантсың, оралмансын” десем. “Жоқ, ондай статус жоқ менде” деп қояды….
Бізде шет елден келген қандастарымызды “қытай”,”маңғол” “қалпақ” “қашқын” “оралман” деп пүшек-пүшегін шығарамыз ғой….
Сәрсенбай Қалибек,
Фейсбук парақшасынан