Нұр-Сұлтан
Қазір
6
Ертең
6
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Билік латын әліпбиіне көшуге шындап кіріскендей

«Бұл мәселе 2012 жылдан бастап жан-жақты талқыланған болатын. Сол кезде арнайы топ құрылып, оның құрамына еліміздің гуманитарлық институттары, Тіл білімі институты, Философия институты кірді. Өзбекстан, Әзербайжан және басқа да елдердің тәжірибесі зерделеніп, әдістері жасалды. Ал Мемлекет басшысының кешегі мақаласында латын әліпбиіне көшудің нақты мерзімі айқындалып отыр. Бұл жұмысты бастадық, бүгін жұмыс тобын құру туралы шешім қабылданады деп ойлаймын. Оның құрамына ғалымдарымызды, тіл білімі саласындағы мамандарды шақырамыз. Тәжірибе, белгілі бір деңгейде әзірлемелер бар. Меніңше, сәйкесінше шешім де қабылданатын болады», – деді комитет төрағасы.

Оның айтуынша, латын әліпбиіне көшуде көптеген проблемалардың туындайтыны анық. Әсіресе, мектептердегі оқулықтар түгел алмастырылуы қажет болады.

«Біз көптеген ғылыми сараптамалар жүргізуіміз керек. Себебі латын әліпбиіне көшу барысында әртүрлі проблемалар шығады. Мәселен, бірінші сыныптан бастап оқулықтарды өзгерту керек. Бұл өте ауқымды жұмыс. Бізде орыс тіліндегі басылымдар кирилицамен шығады. Ал енді біз қазақ басылымдарын латын әліпбиіне өткізсек қалай болмақ. Халықаралық-саяси да проблемалар бар. Дегенмен болашақ үшін латын әліпбиіне көшуіміз керек», – деді Әбдірәсілов.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз