Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

“Билік қатты қорқады…” Бізде әкімдер неге сайланбайды, осы?

https://kaz.365info.kz/tilin-shajnap-tastapty-auyl-akimi-mektep-okhushysyn-tepkilep-tastagany-ras-pa-foto-304106

— Міне, осындай жүйе ауылнайларды қапаландырып отыр — олардың ел басқаруға ешқандай мүмкіндігі жоқ. Біздегі басқару моделінің иерархиясына сәйкес, төменгі деңгейдегі шенділерде билік жоқ.

Ал егер ауыл әкімдеріне көбірек билік берілсе, онда бүкіл жүйені бұзуға тура келеді,

— дейді жағдайды түсіндірген маман.

Марат Шибұтов

Бұдан бөлек, бүгінгі күні инвестициялар тарту жөніндегі жауапкершілікті де осы ауыл әкімдерінің мойнына жүктеп қойған. Әр өңірде инвестициялар бойынша әкімнің арнайы орынбасарлары белгіленген. Алайда осыдан біраз бұрын премьер-министр Бақытжан Сағынтаев хабарлағандай, бірқатар облыстарда, атап айтқанда, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Ақмола облыстарында инвестиция тарту жағы тым мардымсыз.

Жас шенділер ауылда қалмайды

Осы орайда Шибұтовтың айтуынша, негізінен облыс және республикаға бағынышты қала әкімдері ғана инвестиция тартуға  қол жеткізеді екен. Ал басқаларының ұсынысын ешкім елемейтін көрінеді.

Тағы бір саясаттанушы Максим Казначеевтің айтуынша, көп ретте ауыл әкімдерінің жиі ауысуы олардың лауазымының көтерілуіне немесе коммерциялық ұйымдарға қызметке ауысуына байланысты екен. Әрине, жағдай шегіне жетті деуге болмайды, дегенмен алға мақсат қойған шенділер өз мүмкіндіктерін кеңінен жүзеге асыруға тырысады.

https://kaz.365info.kz/zhegenin-ras-khoj-tekseru-kelgende-almaty-oblysyndagy-auyl-akimi-merdiger-kompaniyany-bas-saldy-video-266935

Өйткені

олардың қызметтегі шығар шыңы, бағындырар белесі ауыл әкімі лауазымымен шектелмейді.

— Ауыл әкімдеріне жеке бюджет, оны игеру бойынша қажетті өкілеттілік беру жоспарланған болатын, бірақ әзірше ол жүзеге асқан жоқ. Сондықтан ауыл әкімінің жұмысы күрлелене түсті — олардың күнделікті ауыл мәселелерін шешуге қажетті қаражаты, яғни мүмкіндігі жоқ, — дейді ол.

«Жеп қояды!»

Ал төменгі деңгейдегі әкімдіктерге ақша бөлу мәселесін жолға қойған өңірлерде сол қаражаттың жұмсалуына тиісті бақылаудың жоқтығы байқалады, деген пікірде Казначеев.

Максим Казначеев

Десек те, Марат Шибұтов бұл пікірмен келіспейді — оның айтуынша, бұл жерде беталды шашатын ақша жоқ, бөлінетін қаржы тым мардымсыз.

— Болашақта, қаржы мемлекет тарапынан барлық ауыл әкімдеріне тікелей берілетін кезде,

бюджеттік қаржыны жіті бақылауға алатын жүйе құру қажет болады.

Әзірше ондай тетіктер жасалмаған, сондықтан бюджетті басқару жөніндегі өкілеттіктерді беру мәселесі кейінге шегеріліп отыр, — дейді Казначеев.

Саясаттанушының айтуынша, қазір

жергілікті өкілетті органдардың, яғни мәслихаттардың бақылаушы қызметін күшейткен жөн.

Мүмкін, жергілікті жерлерде өңірге бөлінген қаржының жұмсалуын қадағалайтын Есеп палатасы іспетті өкілетті орган құрған жөн болар.

https://kaz.365info.kz/ajelin-khyzganatyndar-azajdy-arakh-satylmajtyn-auylda-ne-ozgerdi-283236

Ауылдағы салықты көтеру керек

Сондай-ақ саясаттанушы салық саясатының принциптерін қайта қарау қажет деген сенімде. Жиналған салықтың үлкен үлесі жергілікті биліктің қолында қалуы тиіс. Міне, сол кезде әкімдер өз бақылауындағы аумақта бизнес пен кәсіпкерлікті дамытуға мүдделі болады..

— Шындап келгенде, ауыл әкімінің қолы қысқа, қажетті өкілеттілік жоқ болса, ол қалай инвестициялар тартпақ?

Жоғары деңгейдегі құрылымдар кез-келген уақытта жұмыс тәртібін өзгерте алатынын білетін инвестор ауылға жұмыс істеуге бармайды,

— дейді маман.

Халық әкімдерді танымайды

Өз кезегінде, саясаттанушы Андрей Чеботарев ауыл әкімдерінің барлығы бірдей өздерінің жұмыс орнымен байланысты емес екенін, яғни олардың отбасы сол округ аумағында тұрмайтынын  атап өтті.

Андрей Чеботарев

— Халық өз әкімдерін танымайды

Олар аудандық мәслихаттар арқылы лауазымға ұсынылып, сайланып жатады. Бірақ көп ретте олар өздері басқаратын ауылдың тұрғыны, түлегі емес. Ары кетсе, олар аудан орталығында тұрады. Кейде тіпті, ауылдық округтан шалғай жерде тұрады, сондықтан жұмыс орнында ара-тұра ғана бой көрсетеді. Содан болар, олар өз қызметіне шынайы қызығушылық танытпайды.

Бұл шенділердің жеке басының мәселелерін шешу немесе мәнсабын жоғарылату алдындағы баспалдақ ретінде пайдалану салдарынан орын алады, — дейді мәселенің мәнін айтқан саясаттанушы.

https://kaz.365info.kz/ala-a-ashpaj-g-r-aza-auylyny-b-gingi-s-yny-andaj-211168

«Біздің әкім бе?»

Чеботаревтың айтуынша, егер ауыл әкімін, немесе ауылдық жердегі басшыларды халық сайласа, жағдай мүлдем басқаша болушы еді:

халық әкім етіп өздерінің ауылдасын сайлар еді.

Өйткені соңғы тағайындаулардан кейін көптеген ауылдарда наразылық орын алған. Өйткені халық сайланған әкімді бұрын-соңды көрмеген. Мұның барлығы қазіргі биліктің өңірдегі биліктен айырылып қалам деген қорқынышынан туындап отыр, — дейді сөзін қорытындылаған Андрей Чеботарев.

Фото: Владимир Третьяков, vlast.kz

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз