Осыдан біраз жыл бұрын белгілі қоғам қайраткері Амангелді Айталы мырза еліміздегі ұлтаралық қатынастар жөнінде былай деген екен. Қоғам қайраткері айтып отырған мәселе әлі де өзегін жоймаған, тағы бір мәрте қайталап еске салып қойған артықтық етпес.
Сонымен Айталы не дейді:
«Ұлтаралық қатынастардың қазақстандық моделі дегенімізде оны ешбір мемлекетте қайталанбайтын, ерекше ноу-хау деуге болмас. Әр мемлекеттің бұл салада өзінің қайталанбас жолы, басынан өткен асулары, өкініштері мен табыстары бар.
«Бүкіл әлем Қазақстаннан үлгі алып отыр деу» – асырып айтқандық болар.
Марк Твен айтқандай, «тәуелсіздікке қол жеткізген ел саяси лотереяда пілді ұтқанмен бірдей, ал пілді асырау керек» деп. Жазушы тәуелсіздіктің жүгі мен жауапкершілігіне, алға ұстаған нысанаға жету жолының қауіп-қатерге , күмән мен күдікке толы екендігін меңзеп отырса керек.
Қазақтар күні бүгінге дейін табиғи байлық шетел байларының қолында кетті деп алаңдаса, славян текті диаспоралар адам құқығы бұзылды деп орынсыз алаңдады.
Славян тектілер мен немістер пессимистік көңіл-күйге бой алдырса, қазақтар болашаққа сенімді болды.
Этносаралық қатынастарды бағалауда қазақтар мен этностар өкілдерінің айырмашылықтары анық байқалды.
Сол кездегі әлеуметтік зерттеулерге қарағанда, қазақтар ұлтаралық қатынастарды «достық», «бейбіт» деп сипаттаса, славян, еуропатектілер оңды баға беруге сараңдау, «әр уақытта да достық емес», «қайшылықты» деп бағалаған. Қазақтар «басқа этнос өкілдерінің ішінде достарым көп» десе, басқалар «достарым өз этносым ішінде көбірек» деген.
Еліміздің әртүрлі аймақтарында сепаратистік көңіл-күй де байқалды.
https://kaz.365info.kz/erten-saldaryn-tartamyz-amangeldi-ajtaly-bilikke-khandaj-eskertu-zhasady-306929
1991 және 1992 жылғы этноәлеуметтік зерттеулер бойынша, Шығыс Қазақстан облысында славян тектілердің басым көпшілігі – 42,6%-ы автономия идеясын қолдап, 30,3%-ы қарсы болған. Ал Солтүстік Қазақстан саны сәйкесінше 35,5 пен 33,5% болды.
Территориялық автономияны ашық қолдағандардың арасында немістер мен ұйғырлар да бар.
Қазақстанда 1989 жылы Жаңаөзенде, 1994 жылы Шығыс Қазақстанда, 2006 жылы Ақтауда, 2006 жылы Теңізде, 2007 жылы Шелекте, Маловодное, Маятаста этносаралық жаппай қақтығыстар болды. Ресейдің кейбір ғылыми басылымдары 1989 жылы Жаңаөзенде болған жағдайдың себебін күні бүгінге дейін қазақтардан көреді: «…в 1989г. националистически настроенная часть населения вынудили работавших дагестанцев в одночасье покинуть Казахстан и вернуться в Дагестан», – деп жазады кейбір басылымдар.
Әлеуметтік жағдайдың жақсаруы, әр этнос өкілдерінің бизнеске араласу мүмкіндігі, оларға өз мәдениетін, тілін, дәстүрін сақтауға мүмкіншілік жасалды. Бірақ барлығы бірдей ол мүмкіндікті пайдаланған жөн,
себебі қазақстандықтар бүгін де орыстанған қоғам.
Көпұлтты қоғамбыз десек те, бүгін Қазақстанда мемлекет құраушы қазақ ұлтымен алты диспора бар: орыстар, өзбектер, украиндықтар, ұйғырлар, татарлар мен немістер, осылар ел халқының 95,6 % құрайды. 40-қа жуық диаспора мүшелерінің саны жүзеге де жетпейді.
Қытайда ХХ ғ. 50-жылдардың аяғында халық санағы жүргізілгенде, статистер ұсақ-түйектермен қосып, 500-ден астам ұлттың атын келтірген. Үкімет елдің ұлттық құрамын қайта қаратып, бір ғана ұлт қытайлықтармен қатар, қырықтан астам диаспора (қазақтарда соның ішінде) өмір сүреді деген.
Біз еліміздегі ұлттар мен халықтардың санын көбірек көрсетуге тырысамыз.
Ол да бір саяси мақсат көздеуден болар: осыншама ұлттар сүттей ұйып отыр деп, оны ұлт саясатының үлкен табысы деген мақтан үшін бе деймін».
Ақшарқат Ахметбек
https://kaz.365info.kz/khazakhstanga-orystar-ote-kerek-bilgishter-pikiri-312887