Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
10
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Бізді билік алдап жүр! Біз құлмыз ба, кімбіз?

155

Әдетте, біздегі банктер беретін несиенің сыйақы мөлшерлемесі 22 пайыз деп жарнамаланады,

бірақ барлығын есептей келсеңіз, 70-80, тіпті, 100 пайыздан асып жығылып жатады ғой. Салыққа қатысты да солай екен…

Ал мұнай және тағы басқа байлығымыздың қызығын көріп жатқандар “мемлекет” емес, шетелдік инвесторлар мен биліктегі оны саудалаушы ат төбеліндей топ деген дұрыс болады.

Бұл мәлімдемені Мәскеу мемлекеттік университеті экономика факультетінің деканы, академик Александр Аузан демократия туралы дәрісі кезінде айтып қалыпты. Академиктің осы дәрісінің видеосы таяуда „Ведомости„ газетінде жарияланды.

– Барлық тұрақты демократиялық үрдістердің салық есебінен өсіп-өнетінін тарих көрсетеді. Мысалы, Ресейде жанама салық түрі өте көп, бірақ тікелей салық аз. Сондықтан да біздің азаматтар

тапқан табысының 48 пайызын үкіметке береді, бірақ ол мемлекетке ешнәрсе беріп жатқан жоқпын немесе 13 пайызын ғана төлеймін деп ойлайды.

Соның салдарынан, ел азаматтары мемлекет мұнай мен газдың табысынан өмір сүреді, біздің оған қатысымыз жоқ деп, жаңсақ ойлайды.

Иә, биліктің халықтан тым алшақ жатуының басты себебінің бірі – жанама салықтардың көп болуы. Сондықтан елді дамытайық десек, оны салық құрылымындағы өзгерістерден бастауымыз керек.

Жалпы, адамдар мемлекетке тапсырыс беруші ретінде сезінуі үшін салықтың түрі элективті болуы керек. Яғни, салық төлеуде таңдау болуы керек. Сонда біз рубльмен таңдау жасай аламыз.

Мысалы, Испания мен Италияда әлеуметтік салықты Үкіметке немесе шіркеуге төлейсің. Оларда осындай таңдау бар. Ал Исландия азаматтары салықты университетке ме әлде діни конфессияға төлей ме, оны өзі біледі. Міне, дауыс берушілердің күші деген осы,

– дейді орыс академигі.

Ғалым дамудың осындай дайын жолын Үкіметке ұсынғанымен, олар оны қолға алуға еш асықпайды екен. Бірақ осындай ғылыми жаңалық ашқаны үшін ғалымдарды Ресей билігі мемлекеттік ордендермен марапаттапты.

– Ресей және тағы бірқатар мемлекеттер жалған даму жолын таңдап, өмір сүріп келеді. Өйткені экономикалық прогресс демократияға әкеледі немесе демократиялық прогресс экономикалық жандануға әкеледі дегенді тәжірибе мен нақты сандар жоққа шығарды. Біз осыны дәлелдеп,  2020 жылға дейінгі Ресейдің даму бағдарламасын өзгеше етіп әзірледік. Оны үкімет 2012 жылы қабылдап, жариялап та жіберді. Бірақ оны жүзеге асыруға жоғарыда біреудің құлық танытқанын көрмедік, – дейді академик.

Осы тұрғыдан алғанда, ресейлік ғалым ел дамуындағы эволюция салық құрылымы өзгерісіне, оған деген билік пен халықтың қарым-қатынасына тікелей байланысты екенін дәлелдейді.

Еске сала кетелік, кеше ҚР Парламенті Мәжілісінде Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев Қазақстандағы салықты көбейту туралы мәселе көтерген болатын. Оның пікірінше, шағын бизнеске жасалған жеңілдік түрлерін алып тастау керек. Сонда бәрі әділ болады-мыс.

Бұған жауап ретінде, бүгін қазақстандық экономистердің бір тобы еліміздегі салық саясатын сынға алып, қосымша құн салығының шекті сомасын төмендетуді талап етіп, үндеу жариялады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз