Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

“Білдіртпеймін”. Мұрат Қожаның бірінші әйелі қандай сырын айтты? (фото)

675

Мұрат Қожаның алғашқы жары Айман Нұразхан – танымал карикатурашы Еркін Нұразханның қызы. Әншімен айырылысып кетсе де, Айман бүгінде шоу-бизнестің қайнаған ортасында жүр. Ол Ұлықпан Жолдасовтың, Рахман Омардың, Ринат Зайытовтың, сондай-ақ, «Музарттық» жігіттердің келіншектерімен етене араласады. Оны Instagram желісінен байқауға болады.

Айман Нұразхан ішкі жан-жарасын ешкімге білдіртпейді. Үш қызымен жалғыз қалған ол ел алдына шығып, мұңын да айтқан емес. Жуырда Айман 31 арнаның «Айта берсін» бағдарламасында алғаш рет үш қызын көрсетіп, олар туралы әңгімелеп берген еді.

«Үш тал гүл қыздарым. Үлкені – Іңкәр 13 жаста, ортаншым – Арай 12 жаста, екеуі де №173 физика-математика мектеп-лицейінде оқиды, кенже қызымыз Ажар К.Байсейтіова атындағы мектептің скрипка сыныбында 2-сыныпта оқиды», – дейді Айман Нұразхан.

https://kaz.365info.kz/andaj-s-lu-m-rat-ozha-z-jeline-zi-tamsanyp-zh-r-235541

Иә, әкелері бақытын басқадан тапқан үш қыз аналарымен бірге тұрып келеді. Бүгінде Айман ханым олардың тәрбиесіне барынша қаталдықпен қарауға тырысатын көрінеді. Ал оның еркелері бос уақыттарын текке өткізбейді екен.

«Атасы газет-журналдарға жаздырып қойған. Ай сайын, апта сайын «Ұлан» газеті, «Балдырған», «Ақ желкен» журналдары келеді. Сол газет-журналдарды оқып, өсіп келе жатқан қыздар. Газет-журналға өздерінің қызығушылықтары болмаса да, оқытқызамыз. Қыздарыма өте қаталмын, еркелетемін, әрине.

Қаталдық жағы барлық жағынан байқалады. Қыздардың жүріс-тұрысына, киім, шаш үлгісіне қатты қараймын. Менімен ақылдасып отырады. Төртеумізде былай айтқанда – «тандем», – деп ағынан жарылды Айман Нұразхан.

https://kaz.365info.kz/solaj-bop-khaldy-myrat-khozha-algashkhy-nekesinin-nege-satsiz-ayakhtalganyn-tysindirdi-257182

Анасы қатал болғанымен, үш қызды ата-әжесі мен нағашылары еркелететін көрінеді.

«Олар ананы, мынаны алып бер деген сайын олардың еріктеріне көп жүре бермейміз. Бірақ атасы мен апасы, менің екі бауырым өте қатты еркелетеді. Менің үш қызымның сөздері – заң. Жан-жақтан еркелетеді, алып бер деген заттарын алып береді. Ол жағынан маған қиын емес», – дейді үш қыздың анасы.

Қайсар мінезді ару жан-жарасы сыздаса да, алғаш рет қыздарын көрсетіп, ойын ашық айтты.

«Бұл сұхбатты әркім әрқалай қабылдауы мүмкін. Менің сұхбатқа келісуімнің мақсаты – жұрт көзінен жасырып жүрерлік жаман сырым жоқ. Қыздарымның беті ашық болсын», – деді ол.

Сөз соңында, Мұрат Қожаның экс-жұбайы үлкен екі қызының ерте есейгенін, олармен құрбылардай сырласатынын айтты.

View this post on Instagram

Запах клубники🍓

A post shared by Айман НУРАЗХАН (@aiman_nurazkhan) on

View this post on Instagram

KN🤗🎼🎤 👏👏👏 #КОНЦЕРТ

A post shared by Айман НУРАЗХАН (@aiman_nurazkhan) on

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз