Нұр-Сұлтан
Қазір
7
Ертең
17
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Бигелді Ғабдуллин сот залынан босатылды

Судья айыпталушы Бигелді Ғабдуллиннің бұрын істі болмағанын, кәмелет жасына толмаған балалары барын, тергеу кезінде кінәсін мойындағанын, қылмыстық істі ашуға көмектескенін, жәбірленуші тараптарға келтірген шығынды тергеу кезінде толық өтегенін ескергенін айтып өтті. Сот шешімімен Бигелді Ғабдуллиннің мүлкі тәркіленбейтін болды. Бұған қоса, Бигелді Ғабдуллинге көпшілік орындарға баруға, мемлекеттік орындар мен жекеменшік ұйымдарда 10 жылға дейінгі мерзімде басшылық жасауға тыйым салынды.

Кеше соттың жарыссөз кезеңінде прокурор Әлібек Айтжанов Бигелді Ғабдуллинге “мемлекеттік органдар мен олардың басшыларынан ақша бопсалағаны” үшін айыпты деп тауып, бұрын сотталмағанын, кәмелетке толмаған балалары барын және тергеуге өз еркімен келгенін ескеріп 5 жылға бас бостандығын шектеуді сұраған. Прокурор Ғабдуллиннің Жамбыл мен Шығыс Қазақстан облыстары, Астана қаласы әкімдігі және энергетика министрлігінен жиыны 22 миллион теңгеден астам қаржыны бопсалап алғанын мәлімдеген.

Ғабдуллиннің өзі жарыссөзде қылмысын мойындап, ісіне өкінетінін, қылмыстық жазадан босаса, “президент Нұрсұлтан Назарбаевтың саясатын жүзеге асыруға аянбай еңбек ететінін” айтқан.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз