Нұр-Сұлтан
Қазір
-7
Ертең
-12
USD
499
+3.47
EUR
520
-0.93
RUB
4.85
-0.06

Бибіжамал Әбілазимованың туыстары жерлеу рәсіміне қатысты пікір білдірді

1121
Сурет Lada.kz сайтынан алынды

 

Бибіжамал Әбілазимова 79 жасында өмірден өтті. Ол Маңғыстау облысы полиция департаментінің бұрынғы басшысы Мақсұтхан Әбілазимовтың және кәсіпкер Бахаридин Әбілазимовтың анасы.

Ел аумағында пандемияға байланысты адамдардың жаппай жиналуына тыйым салынған, оның ішінде жерлеу рәсімдері де бар. Алайда шектеулерге қарамастан 3 тамыз күні марқұммен қоштасуға жүздеген адам келген.

Бибіжамал апа тек Ақтау қаласының ғана емес, бүкіл республика бойынша қайырымдылық шараларына белсенді атсалысатын. Мұқтаж жандарға көмек қолын созып, алғысына бөленген. Сондықтан да жерлеуге еліміздің түпкір-түпкірінен бір кездері қайырымды жанның көмегін көрген адамдар келді.

Марқұмның туыстары карантин талаптарының бұзылғаны үшін халықтан кешірім сұрады. Бұл рәсімге ешкімді де шақырмағанын, бірақ адамдардың сонша шақырым жерді артқа тастап келгенін айтты.

– «Қымбатты қазақ елінің азаматтары, бүгін әулетімізде апамыз қайтыс болып, осындай ауыр жағдайға тап болдық. Апамыздың өмірден қайтқанына ешкімді де шақырған жоқпыз, бірақ келген адамға кет деп есігімізді жаба алмадық. Келген адамдарға санитарлық талаптар туралы ескертіп, арақашықтықты сақтаңыздар деп айтып отырдық.

Қандай да бір кеткен қателіктеріміз үшін кешірім сұраймыз. Айыппұл салып, болмайды деген жағдайлар болса, оның бәрін көтереміз. «Жалғыз ағаш орман болмайды, жалғыз адам қорған болмайды» деген қазақта сөз бар. Біз үшін халықтан үлкен ешкім жоқ. Халық болмаса кімбіз!?,–

деп марқұмның жақындары болған оқиғаға өкінішін білдірді. Сондай-ақ олар Бибіжамал апаның соңғы тілегі туралы да айтты.

– Жамал апа кетерінде мен ұзаққа бармаймын, маған келіп біреулер ауырып қалмасын! Алладан елім аман, жұртым тыныш болсын деп тілеймін деп соңғы өтінішін айтып кетіп еді. Бірақ адамдар ескертулерге қарамастан, апамызды ақтық сапарға шығарып салуға келді. Жағдайға түсіністікпен қарауларыңызды өтінеміз».

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз