Бибігүл Жексенбай Нұрғалиқызы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс жөніндегі кеңесшісі болып тағайындалды.
Бұл туралы ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.
«Бибігүл Нұрғалиқызы Жексенбай ҚР Парламенті Сенаты төрағасының бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл мәселелері жөніндегі кеңесшісі болып тағайындалды», – делінген хабарламада.
Редактор, продюсер қызметтерін атқарды, кейіннен «Хабар» агенттігінің директоры болып тағайындалды. Сондай-ақ, Бибігүл Жексенбай «Қазақстан» телерадио корпорациясында да жұмыс істеді.