Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
-1
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

БҒМ: қыркүйек-желтоқсан айларында 6 жасқа толған балалар бірінші сыныпқа қабылданады

112

Яғни, қыркүйек-желтоқсан айларында туған балалар ағымдағы жылдан бастап 1-сыныпқа бара алады. Өйткені, балалар күнтізбелік жылдың соңына дейін алты жасқа толып, мектепке қабылдану құқығына ие болады», – делінген хабарламада.

Сонымен қатар, ата-аналар балаларын қай мектепке бергісі келсе, сол мектепті таңдау құқығы бар. Егер мектеп басшылығы баланы қабылдаудан бас тартса, жергілікті білім беру органдарына шағымдануға болады.

«Білім алушының ата-аналары немесе өзге де заңды өкілдері білім алу үшін кез келген білім беру ұйымын таңдауға құқығы бар екенін айта кеткен жөн. Білім беру ұйымына қабылдаудан бас тартқан жағдайда, білім алушының ата-аналары немесе басқа заңды өкілдері тұрғылықты жері бойынша жергілікті білім басқармаларына шағымданады.

Құжаттарды қабылдау 1 маусымнан 30 тамызға дейін жүзеге асырылады. Сондай-ақ, бірінші сыныпқа балаларды қабылдау үшін қажет құжаттар тізімінен мекенжай анықтамасы алып тасталған», – деп жазылған ведомство хабарламасында.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз