Нұр-Сұлтан
Қазір
17
Ертең
2
USD
446
-0.83
EUR
475
-0.80
RUB
4.78
-0.01

«Бетпақтың өзі екен. Алаяқ әйел – Сандуғаштан сақ болыңыз!» (видео)

1565

Тек бір Жезқазған бойынша, шағымданғандардың шығынын санаған кезде 89 миллион теңге қарызы бар. Бұл – кепілге қойылған 14 үйдің ақшасы – 2 миллион 200 мың долларды есепке алмағандағысы екен.

Інім келінді шексіз сүйді, біз оны кешіре бердік

Сандуғаш Кентаеваның туған қайын апайы:

– Келінді оңбаған деп айтқанымыз жоқ. Ініміз үшін, балалары үшін бетін қақпадық, көмектен басқа, бізден жамандық көрген жоқ. Жалғыз келініміз болған соң, алақанымызда аялап ұстадық. Ол бірақ оны түсінбеді.

Бар тиісетіні – мен. 5 мың, 10 мың теңге былай да беріп тұратынмын, туған келінім ғой, немді аяймын? 50 жасқа толғанда, бір мейрамхананы айтты, сонда той жасаңыз деді. Сол арада тойдан түскен ақшаны алды. Қарызға бере тұрыңыз, қайтарамын деді. Қарызымды сұрап қоймаған соң, ол маған шуба әкеліп берді. Енді ақшамды ала алмадым, ең құрымағанда, осы шубаны алайын деп, оны алдым. Сөйтсем, Зәмзәгүл деген туысқан келіншек хабарласып, Сандуғаш тонның ақшасын бермеп еді, оны сіз алыпсыз, ақша беріңіз дейді. Содан шубаны қайтарып бердім. Бірақ мен полицияға арызданбадым. Алтындарым кетті Сандуғашта, оны да даулаған жоқпын. Бауырымның оған деген махаббатында шек жоқ. Содан ініммен тұрса болды, құрысыншы, дедім.

Келіннің басқа біреумен бірге үстінен де түскен кез болды. Бірақ оны да айтпадық. Сандуғаш тастап кеткенде, інім менімен 6 жыл тұрды. Мен інімнің тілеуін тілегенмен, ол Сандуғаштың тілеуін тілеумен болды.

– Үй салып жатырмын, қарызымды бер деп бірде звондасам, – Көмектесемін дейді.

– Әй, маған көмегің керек жоқ, қарызыңды бер деймін ғой. Сөйтсем, ол ар жағындағы адамдарға солай көз қылады екен. „Осылар-ақ бәрі мойныма отырып, ақша сұрай береді„, – деп өзін қалталы келіншек ретінде көрсетеді екен.

Тағы бір қайын әпкесі екі бөлмелі пәтерінен айырылыпты.

– Маған сат деп, Сандуғаш үйіме жабысты. Пәтерді 2000 долларға бағаладық. Бірақ келін қолға 700 доллар ұстатып, пәтерге кіріп алған соң, бізді жолатпай қойды, інім үшін дым дей алмадым. Қазір пәтер банкте кепілде тұр. Кезінде оны кепілге қойып, несие алайын дегенімде маған банк рұқсат бермей қойған. Ал ол оны қалай қойды, түсінбеймін, – дейді жапа шегуші екінші әйел.

Туған қызын өтірік рак деп, елден ақша жинап алыпты

Екі қызын тұрмысқа берген Сандуғаш құдаларын да алдапты.

– Бір күні біреу: „Құдағиыңыз былтыр жазда қызының суретін алып, рак, Кореяға емдетеміз деп жүр еді, ел болып ақша жинап бердік„ деп айтады. Содан, көрсетші деп, суретті десем, біздің келін. Шошып кеттім.

– Бұл біздің келін, аман-есен, екі немереміз бар, Құдайға шүкір, – дедім. Осындай да сұмдықты көрдік, – дейді туған құдағиы.

Шешем мені де алдап кетті

Мұқатай Әсем, Сандуғаш Кентаеваның кіші қызы:

– Сандуғаштың кіші қызы боламын. Өзіміз Астанаға 2009 жылы көшіп келдік. Қазан айында. Кішкентай кезімнен білемін, телефонға неше түрлі адамдар қоңырау шалатын. Әйелдер, еркектер, үйге де келетін.

“Бетпақ, қаншық, шешең қайда, ақшамызды қайтарсын”, деген сөздерді естіп өстік.

Туған-туыстар да звондайтын. Бірақ ешкім мәселе мәнісін түсіндірген емес. Анамнан не бұл деп сұрайтынмын.

“Біз, міне жақсы тұрып жатырмыз. Мейрамханамыз бар, дүкеніміз бар, соны жұрттар көре алмай жатыр, біз Джип мініп жатырмыз, соны қайынжұрт, нағашыларың көре алмай жатыр. Менен қайта-қайта ақша сұрай береді. Туған шешем үй салып жатыр деп, менен миллиондап ақша алып жатыр”, дейтін.

Ал Астанаға не себепті көштік дегенде, туыстарың бізге күн көрсетпеді деді. Бізді өз туғандарымызға қарсы қайрап қойды. Оларға звондамаңдар, сөйлеспеңдер, өздері хабарласса, тұтқаны көтермеңдер деп, тыйым салды. Туған-туыстарымның балалары әлеуметтік желі арқылы байланысқа шығады, қуанып, шешеме айтамын, туысымды таптым деп. Оған мамам қатты ашуланады:

– Жауап берме, сөйлеспе, – дейді.

2009 жылы бір Әйеке деген кісіден телефонына хабарлама келіпті, көріп қалдым. “Қарсақбайдың жәләпі, сенің кіші қызың қайда тұратынын білемін, қайда оқитынын білемін, үлкен қызың Жезқазғанда 11-сынып оқитын білемін, ақшаны қайтармасаң, менен жамандық күте бер”, депті. Демек, ақша үшін шешеміз біздің де басымызды қауіп-қатерге тікті.

Екі қызым үшін істедім деп айтады ғой. Бірақ бүгінгі күні, мысалы, менің 9-сыныптық қана білім бар. Мен колледжге түстім, апайым университетке түсті, бірақ қаражат тапшылығынан оны біз бітіре алмадық.

Анама суық едім, бірақ күйеуге шығып, ана атанған соң, оған бір рет сеніп артып едім, ол мені де жер сипатып кетті. Ондайды ешкімге тілемеймін. Дос қызымнан 150 мың теңге алды, өз күнін әрең көріп жүрген жолдасынан 2 мың доллар алды, Жезқазған бойынша, 89 миллион теңге қарызы бар, Форте банкке 64 миллион теңге қарыз, Альянс банкке 84 миллион теңге қарыз. Оның бәрі қайда кеткенін білмеймін.

Біз жақсы киініп, қымбат телефон ұстап, сауық-сайран құрып өмір сүріп көрген емеспіз. Астанаға көшіп келгелі пәтерден-пәтер жағалап жүрдік. Бөлмені жалдап, басқа адамдармен де тұрдық. Түн ішінде көшіп кететінбіз. Қайта-қайта көше беретінбіз. Неліктен десем, үй иесі пәтерақыны көтеріп жіберді, әйтеуір, басқа сылтау айтатын. Сөйтсек, шешем жалға алған ақшаны да төлемейді екен. Сол үшін қашып жүреді екенбіз. Оны кейіннен білдік. Осының бәрін мен 21-ге толғанда білдім. Айтайын дегенім, менің шешемнен алданып қалмаңыздар, мен мұндайда не істеу керек екенін білмеймін.

Бірер күн бұрын Сандуғаш Кентаева әлеуметтік желіге видео жариялап, өзін бизнес-ханым етіп көрсетіп, бұл жағдайға мәдениетті түрде түсініктеме берген. Сондықтан желідегі қауымға бұл видео одан алданып қалмас үшін салынып отырғанын еске сала кетелік.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз