Өткен жылы Қайрат Нұртас өзінің әйелін жұрт алдында таныстырғаннан бастап, қандай мерекелік кеш, не түсірілім болмасын, бірге ертіп жүреді. Сол сәттен бастап- ақ олар елдің сүйікті жұбына айналғандай. Себебі, желіде бұл жұптың атынан ашылған фан парақшалар саны толассыз артуда.
Қайраттың, не болмаса Жұлдыздың өз парақшасына жүктелген қандай бейне, не болмаса сурет, жазба болмасын, олар бір мезетте желіде таралып, келесі күні БАҚ құралдарында жарияланып тұрады.
Желіде вирустай тараған Қайраттың кезекті видеосы мынадай:
Жұбайымен бос уақытта бұлай көңіл көтерген Қайраттың видеосы бір тәулік ішінде миллионға жуық қаралым жинаған.
https://kaz.365info.kz/armanym-yshin-khajrat-nyrtas-otbasyn-tastap-ketti-298441
Пікір қалдырушылардың көбісі дерлік жұптың сезіміне тәнті болуда, ал кей біріне Қайраттың Жұлдыздың бетіне жағылған тәттіні жалаған тұсы ерсі боп көрінуде:
“Бала боп кетті ме? қандай жиіркенішті!”, “Балаша”, деп пікір қалдыруда желідегілер.