Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
5
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

“Бетімнің бәрі қан…”. Қайрат Түнтеков сырын айтам деп, шынын айтты (видео)

144

https://kaz.365info.kz/maskhara-boldym-esimdi-zhidym-khajrat-tyntekov-sahnaga-khajtyp-keldi-video-257847

Жеңімпаз атанған соң, ұят болмасын деген оймен ата-анасын жалдамалы пәтерге көшірген. Ал бүгінде бағып-қағып өсірген ата-анасына пәтер алып берген.

Бұдан өзге, Қайрат өлім аузынан қалған жол-көлік оқиғасы туралы айтып берді.

https://kaz.365info.kz/ajrat-t-ntekovti-sahna-a-shy-aru-a-kim-kedergi-keltirip-zh-r-223180

“Кішкентай кезімде жолдан жүгіріп өтпек болғанда “Москвич” көлігі қағып кетті. Өзім анама жақын болдым. Сағынасың ғой, сол жүгірем деп көліктің астына түстім. Бір қарасам, айналада айқай-шу.

Мені қағып кеткен ерлі-зайыптылардың көлігінде отырмын. Ол кезде адамдар мейірімді.

Қазіргі заман болса, кетіп қалар еді. Басымды басып кетуге сәл-ақ қалған ғой”, – деген Қайрат жағдайының өте ауыр болғанын да атап өтті.

“Көзімді ашып қалсам, әйелі мені көтеріп алған. Бетімнің бәрі қан, есімді жия алмай жатырмын. Кәдімгідей басым жарылған, қол-аяғым сынған. Сол кездегі ең күшті деген қалалық емханаға апарды. Қазіргі заман болса, ақшасын беріп, өзің емделе берші деп тастап кетер еді.

Ал ол кісілер бір айдай күнде келетін. Қолдарында банка, емнің бәрін төлеп, ойыншықтар алып келетін. Менің әке-шешем өмірінде олай жасамаған. Қазіргі адамдарға да сондай сана берсе”, – дейді Түнтеков.

https://kaz.365info.kz/40-myn-dollar-khajrat-tyntekovtin-anasy-ylynyn-kharyzy-turaly-shyndykhty-ajtty-294837

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз