Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
8
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

“Беташар жасамайды, Құран оқиды…”. Қызылордалық әжей тойдағы сұмдықты айтты

454

Ол үлкен мағынаға ие. Мәселен, ағамның баласы үйленген еді, келіннің аяғы ауыр болып келіпті. Оған “беташар” жасаудың не қажеті бар? Ол тұрмыс құрғанға дейін өзінің арынан айырылып қалған ғой. Осы тойдан кейін жаңа отбасы мүшелері сол келінді сыйлайды деп ойламаймын”, – дейді қызылордалық Әлия.

https://kaz.365info.kz/khazakh-khyzdarynyn-paktigin-sakhtajtyn-kim-305951

 

Айта кету керек, Қызылордада аяғы ауыр келіндерден бөлек, бұған дейін тұрмыста болған әйелдерге де “беташар” жасала береді екен.

Жалағаш ауданының тұрғыны Айнұр үш жыл бұрын тұрмысқа шығыпты. Ол бірінші жұбайынан балалы болғанына қарамастан, екінші рет тұрмысқа шыққанында тағы да “беташар” жасаған екен.

“Біз тойға дайындалып жүргенде атам беташар жасауға қарсы болды. Біріншіден мен оның мағынасын түсінбейтінмін. Ал беташар өткен соң туыстардың барлығы менің балам бар екенін біліп таңғалды. Сөйтсек, олар беташар жасағанға, мені алғаш рет некелесіп тұр деп ойлапты. Мен атамның сөзін тыңдамағаныма қатты өкіндім”, – дейді ол.

 

https://kaz.365info.kz/fu-sasykh-khoj-kelinshekti-nege-auyldan-alu-kerek-video-305353

“Біздің уақытта келіннің аяғы ауыр болып келетін жағдайлар болмаған. Бұл өте ұят саналатын. “Беташар” тазалықты білдіретін дәстүр болғандықтан, аяғы ауыр келінге оны жасаудың қажеті жоқ деп ойлаймын.

Бұрындары екінші рет тұрмысқа шыққан әйелге де беташар жасалмаған. Бар болғаны, жақын туыстары жиналып, құран оқитын. Ескі дәстүр өзінің мәнін жоғалтып барады”.

Міне, “Беташар” тойының мән-мағынасы туралы 73 жасар Нұрсұлу әжей осылай дейді.

https://kaz.365info.kz/gozalda-yyat-zhokh-eldi-shulatkhan-ajeldin-khajynapasy-zhagdajdyn-khalaj-bolganyn-ajtty-video-301872

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз