Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
5
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

“Беспаев ұялған шығар…”. Славян базарында Әміре бірінші орын алды (видео)

123

https://www.instagram.com/p/BlRHO1xhQYl/?taken-by=impresario_kz

Қазақстан мен Румыния конкурсанттары бірдей балл жинаған – 156. Алайда әділ қазылар алқасы бас жүлдені Румыния әншісіне беруді ұйғарды. Қазақстан – бірінші, Украина – екінші орын алса, ал үшінші орын Польша мен Беларусь дарындыларына бұйырды.

https://kaz.365info.kz/tyk-pozor-emes-abdizhappar-alkhozha-ozbekstandykh-ekenin-mojyndady-video-312004

“Алдыңғы кезеңде денсаулығыма байланысты ойдағыдай өнер көрсете алмадым. Бірақ ауырғанымды ешкімге айтпадым, сонда да жоғары ұпайға ие болдым. Аллаға шүкір, бүгін бәрі керемет болды!”, — деп жазды әнші инстаграмдағы парақшасында.

Ернар өзіне қолдау білдірген барша жанға ризашылығын білдірді.

“Мен барымды салдым. Қазақ елі! Дұға, тілектеріңізге үлкен рахмет.

Сіздерге бас жүлде сыйлай алмағаным үшін өз-өзіме сыймай, орын таппай отырмын.

Мені қолдағандарыңыз үшін рахмет! Көріскенше!”, — деп жазды парақшасына Ернар.

https://kaz.365info.kz/dimashty-da-ostigen-bespaev-zajytov-khysap-maskhara-boldy-video-311493

Қазақстан бұл жаңалықты қуанышпен қабыл алды. „Кеше Димаш, бүгін Әміре„ деп қуанып жатыр бәрі. Желі талқысы Әміренің Мейрамбек Беспаев қазылық ететін отандық шоуда жеңіліс тапқан сәтін еске түсіруді де ұмытпады.

„Осыны Әлжаппармен салыстырды ғой біздікілер. Сөйтсе Әлжаппар мықты екен Әміреден, браво! Енді Беспаев ұялып отырған шығар өз қылығына„ деп жазды бір желі қолданушысы.

Айта кетелік, Мейрамбек Бесбаевтың жобасы «Жұлдызды жекпе-жектің» екінші маусымында Әміре мен Әбдіжаппар Әлқожа қарсылас болып, келесі кезеңге Әбдіжаппар Әлқожа жолдама алған еді. Қазылар алқасының бұл шешіміне көңілі толмаған көрермен әлеуметтік желі арқылы Әміреге қолдау білдірді.

«Осының алдында мен көптеген сайыстарда болдым. Көптеген халықаралық сайыстарда, шет елдерде болдым. 2015 жылы «Новая волна» байқауында болдым. Италия, Германия, Ресей. Көптеген елдерде өнер көрсеттім. Құр қол ешқашан келген емеспіз», – деген еді Әміре.

Алайда үш кезеңнен тұратын ән байқауда Әміре Әбдіжаппар Әлқожаға есе жіберді. Қазылар алқасының шешіміне көңілі толмаған көрермен әлеуметтік желі арқылы Әміреге қолдау білдіріп, өз ойларын ақтарып салды.

„Той бизнес жеңді, түсінікті„ деп тоқетерін айтты біреуі.

Беспаевтың қазылық еткен отандық шоуды мына сілтемеден көре аласыздар.

23 жастағы Ернар Садырбаев көпшіліке Әміре деген атпен танымал. Ол Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының төртінші курсында оқиды. R&B, Bossanova-Latino, Pop-classic, Pop жанрында ән айтады.

https://kaz.365info.kz/olar-ajta-beredi-roza-alkhozha-zhelide-khatty-synga-khalgan-inisin-khanattandyryp-khojdy-311733

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз