Бүгін астаналықтар ерекше табиғи құбылыстың куәсі болды. Астана көгінде бес күн шығып тұрғандай көрініс орын алды.
Елордалықтар Instagram әлеуметтік желісі арқылы таңғажайып құбылыстың видеосымен үздіксіз бөлісіп жатты. Сөйтсек, ғылымда мұның гало деген өз атауы бар екен.
Гало – оптикалық құбылыс, Күн мен Айдың айналасында пайда болатын жарқыраған шеңбер. Ғалымдардың айтуынша, гало бұлттағы мұз кристалдарының шағылысуы нәтижесінде 5-10 километр биіктікте тропосфераның жоғарғы қабатында пайда болады. “Гало” құбылысы көбінесе қыста қатты аяз кезінде байқалады.